13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

“ТАЗА БЕЙСЕНБІ” АПТАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық апталық акциясы аясында Абай ауданына қарасты Асар мөлтек ауданында тазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, қалалық филиал Атқарушы хатшының м.а. Бекайдар Тулегенов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәслихат депуттары қатысты. Сондай-ақ партия қызметкерлері, қалалық «Жастар Рухы» ЖҚ белсенділері, бастауыш партия ұйымдары мен БАҚ өкілдері белсенділік танытты. Ғимараттар алдын тазалау, аумақты абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізу тапсырылды. Сонымен қатар, коммуналдық мекемелер басшыларына қала- аудан көшелерін, жаяу жүргінші жолдары мен аялдама аумақтарын тазарту және қоқыстан арылту жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
«AMANAT» партиясының ұйытқы болуымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясындағы «Таза бейсенбі» республикалық экологиялық акциясы осы санаттағы іс-шаралардан ерекшілігі – ол елді мекен аумақтарын қоқыстан тазарту бойынша «нүктелік» жұмыс жүргізуге бағдарланған.
Айта кетейік, тазалық пен тәртіпті сақтау жобаның барлық қатысушыларының қоршаған ортаға жауапкершілікпен және саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал ете отырып, күнделікті өмірдің маңызды бөлігіне айналады. «Таза қала» акциясы — тұрғындардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне талпыныстарын арттырды. Сонымен қатар, бұл өскелең ұрпақты патриоттылыққа баулуда таптырмас шара. Біз көгалдандыру жұмыстарына көптеп назар аударуымыз қажет. Себебі, сүйікті қаламыз шынайы жасыл әрі таза қала болу үшін әрқайсымыз өзімізден бастауымыз тиіс.
«AMANAT» партиясы осы науқанды өткізу арқылы қоғамда экологиялық сана мен мәдениетті тәрбиелеуді маңызды міндет деп белгілейді және барша отандастарымызды бүгін мен болашаққа арналған игі істі қолдауға шақырады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

“ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ” ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ШАҒЫН АВТОБУСТАР ТАБЫС ЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІН ШЫҒАРУМЕН АЙНАЛЫСҚАН ЖАСЫРЫН ЦЕХТАР ЖОЙЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ: МЕМОРАНДУМ НЕГІЗІНДЕ 1776 БАЛА СУДА ЖҮЗУ КУРСЫ БОЙЫНША ТЕГІН САБАҚ АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру