9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» ҚОҒАМДЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII сессиясында берген тапсырмасын іске асыру мақсатында «АССАМБЛЕЯ. ПАРЛАМЕНТ. МӘСЛИХАТТАР» қоғамдық жобасы аясында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен мәслихат депутаттарының Сайрам тұрғын алабы тұрғындарымен кездесуі өтті.
Рақымберді Мүлкеманов, Қаратау ауданының әкімі: «Елдімекендерде одан бөлек, көпқабатты тұрғын үй аулаларында мемлекет тарапынан бюджеттен қаржы бөлініп, кемінде біздің ауданға 1,5 млрд. қаржы бөліп отыр. Осының арқасында сіздерге қолайлы жағдай жасау үшін ойын, спорт алаңшалары одан бөлек орындық, гүлзар, аллея салып беріп жатырмыз. Сынып қалған кезде шығамыз, әлеуметтік желіге саламыз сынып қалды деп. Ал оны кім сындырды, ол қалай сынды, қалай жарамай қалды?! Осының бәрі сол жерде тұрып жатқан тұрғындардың арқасында».
Кездесуге Шымкент қалылық мәслихат депутаттары, аудан әкімі, бірқатар басқарма басшылары мен құқық қорғау органдары қатысты.Қала басышысы Қаратау ауданының әкімі Р.ахымберді Мулкемановтың 9 айда атқарған есебін де тыңдады. Шенеунік халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар алаңшаларының салынуы мәселесінің шешімдері бойынша баяндама жасады.

Бұдан соң тұрғындармен ашық диалог форматында сұрақ-жауап бөлімі басталды. Халықтың басым бөлігі инфрақұрылым, қоғамдық көлік, цифрландыру салалары бойынша сауал жолдады. Барлығы кездесу барысында мәселесіне жауап алды. Шаһар басшысы әр азаматтың пікірі басты назарда болатынын жеткізді.

Биыл Қаратау ауданы аумағында 70 көше асфальтталады. Сондай-ақ, 38 көшеге шағал тас төселеді. Ал жол құрылысы жұмыстарына 2,2 млрд.теңге, аяқ жол салуға 200 млн.теңге қаралған. Жалпы 2021-2025 жылдары аудан бойынша ұзындығы 441 шақырымдық 466 көше асфальтталады деп жоспарланған.
Кездесу соңы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында қоғамдық қабылдаумен жалғасты.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ ЖӨНДЕУ КӨРСЕТКІШІ 3,6 ЕСЕГЕ АРТҚАН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗ ТАПШЫЛЫҒЫН БОЛДЫРМАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ҚАБЫЛДАУЫНА 150-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ КЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру