-9.7 C
Шымкент
Четверг, 23 января, 2025
Smarttop.kz

ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!

«Есірткіге жол жоқ!» акциясы аясында Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция майоры Бауыржан Карбеков, Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері және “Жастар рухы” Жастар қанатының жастары Орталық қырғы базарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның басты мақсаты – жастардың рухани адамгершілігін қалыптастыру, мәдени дамуын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, бәсекеге қабілеттігін дамыту, психикалық саулығын нығайту, есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша белгіленген жауаптылықты түсіндіру болып табылады.
Кездесу барысында қатысушыларға есіртікіге қатысты құққық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және жолын кесудің тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар маңызды ұсыныстар айтылып, пікір алмасу жүргізілді.
Соның ішінде, «WhatsApp» желісінде Полиция департаментінің мүдделі қызметтері мен жастар арасында өзара арнайы чат ашу ұсынылып, онда қала аумағындағы ғимараттар мен үй-жайларға салынған графикалық үлгідегі есірткі заттарын жарнамалау мен насихаттау деректері және олардың мекенжайларын жолдау ұсынылды.Жастар ресурстық орталығының өкілдері, волонтёрлық ұйым жетекшілері мен мүшелерінің қатысуымен «STOP:Есірткіге жол жоқ!» акциясы шеңберінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жұмыстық кездесу өткізілді.
Орталық қырғы базарында өткен ақпараттық түсіндірме жұмыстарында адамның сезімі мен түйсіктеріне бейсаналық түрде әсер ететін, есірткі заттарына қызығушылығын қалыптастыратын немесе оларды қолдайтын бейнелер мен жазулары бар заттарды сатуға тыйым салынғанын ескертіп, жадынамалық парақшалар таратты.

Ұқсас ақпараттар

ХАБАРЛАНДЫРУ Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына!

smarttop

АҚЖАРДАҒЫ ТОПЫРАҚ ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ БИЫЛ ТОЛЫҒЫМЕН ШЕШІЛЕДІ

smarttop

Алаяқтық қылмысының 15 жайтына қатысы бар бойжеткен қамауға алынды

smarttop

Пікір қалдыру