6.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек»

19 маусымда еліміздің үшінші мегаполис халқы Қала күнін атап өтті. 2018 жылы Мемлекет басшысының жарлығымен Шымкент қаласы «Республикалық маңызы бар қала» мәртебесіне ие болып, облыс аумағынан бөлініп шыққан болатын. Осылайша мемлекет астанасы – Астана қаласы мен «оңтүстік астана» Алматыдан кейінгі Республикадағы тұрғын саны миллионнан асатын маңызды үшінші қалаға айналған.

Жаңа мәртебе Шымкенттің екінші тынысын ашқандай болды. Сол тарихи күннен бергі 6 жылда жас мегаполис адам танымастай өзгерді деуге болады. Әсем ғимараттар, жанға жайлы саябақтар мен гүлзарлар, жаңаа жолдар мен жолайрықтар… Сонымен қатар, қала экономикасына да қан жүгірді. Кәсіпкерлік те, өндіріс те дамып келеді. Қаланың туристік әлеуеті де артқан.

Республикалық маңызы бар қала болғандықтан, халықтың да, Президенттің де Шымкенттен көп нәрсе күтетіні түсінікті. Халықтың тығыз орналасуы шағын және орта бизнестің қарыштап дамуына серпін беруі тиіс. Және сұлулық, жайлылық қаланың туристік тартымдылығын арттырып, осы арқылы да экономиканы көтеруге мүмкіндік бар. Иә, осы бағыттарда көңіл толатындай жұмыстар жасалынып та жатыр. Тоқмейілсуге болмайды, өйткені атқарылатын шаруа әлі шаш-етектен.

2022 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласына жасаған сапарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шаһарды еліміздегі төрт хаб-қаланың біріне айналдыру үшін нақты жұмған болатын. Жергілікті жұртшылық алдында сөйлеген сөзінде Президент Шымкентті еліміздегі табиғаты да, тұрғындарының ықылас-пейілі де ерекше ыстық жердің бірі ретінде атап өткен.

– Қазақ руханиятында Шымкент шаһарының орны бөлек. Бұл – ұлт дәстүрінің берекелі бесігіне айналған қала. Сондай-ақ қазақы қасиет пен ыстық ықыластың символы. Бұл – үздік мәдениет пен ұлттық этикеттің тоғысқан жері. Ұлыларды ардақтау, үлкенді сыйлау – сіздердің басты ұстанымдарыңыз. Шымкент – ұлтымыздың өсіп-өнген, көктеп-көбейген мерейлі мекені. Сондықтан мен шырайлы қаланың халқын Жерұйығын тапқан жұрт деп сеніммен айтамын, – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ең алдымен, Мемлекет басшысы өндірісті дамыту, индустриялық аймақтарды жетілдіру үшін  қала экономикасын әртараптандыруға және отандық өнім шығаруға баса мән беріліп жатқанын жеткізді.

Президент келесі мәселе ретінде ауыл шаруашылығын өркендетуге тоқталып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету аса өзекті мәселенің бірі екенін атап өтті.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы шағын және орта бизнесті дамыту мәселесіне назар аударды. Атап айтқанда, Шымкентте кәсіпкерлікті қолдау үшін «Іскер қала» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жеткен.

– Бұл – жақсы көрсеткіш. Осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Осы тұста Шымкент халқының іскерлігін айрықша атап өткім келеді. Жалпы, оңтүстік халқы қашанда еңбекқорлығымен танымал болған. Бұл қасиеттеріңіз – көпшілікке үлгі-өнеге. Халқымыз «Еңбек – ырыстың қазығы» деген. Мен адал еңбекпен елімізді дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін өздеріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деген еді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың бас жоспары оның экономикалық әлеуетіне сай болуы қажеттігін атап өтіп, мұнда әлемдегі ірі мегаполистерде болатын мәселелер түгел ескерілуге тиіс екенін айтқан.

– Орталық Азиядағы ең ірі нарықтың бірі – Ташкент агломерациясы іргемізде тұр. Сондықтан Шымкент барлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек, — деді ол.

Ғабит Сыздықбеков Президенттің осы сапарынан бір жыл өткен соң Шымкентке әкім болып тағайындалғанымен, жоспар, жауапкершілік, талап өзгерген жоқ. Президент айтқандай, Шымкент баарлық салада бәсекеге қабілетті болуы керек. Ал бұған жету үшін қандай жоспарлар жасалынған?

Біз Шымкент қаласының 2024-2028 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына көз жүгіртіп көрдік.

Ресми құжатта атап көрсетілгендей, өнеркәсіп саласында Президенттің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмаларын орындау үшін бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады:

  • өңдеу өнеркәсібі салаларын дамытуға басты назар аударылатын болады;
  • екінші басымдық өнеркәсіптік кәсіпорындарды жеткілікті көлемде және барабар бағамен шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта реттеуші және ынталандырушы тетіктер әзірленетін және қолданылатын болады;
  • реттелетін сатып алулардағы отандық тауарлардың көлемін және отандық өндірушілермен офтейк-келісім шарттардың үлесін арттыру міндеті қойылды;
  • заманауи технологиялар трансферті мен жаңа өндірістерді оқшаулауға ерекше назар аударылатын болады.

Ұқсас ақпараттар

«ЖАСЫЛ ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ҚҰЛШЫНЫСПЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ҚАЖЕТ»

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 5G ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН 60 БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру