0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ШЫМКЕНТКЕ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

1 шілдеден бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары еліміздің маңызды аймақтарын аралып, халықпен кездесуді бастап кетті. Осы тұста ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі әлеуметтік-мәдени даму коммитенің мүшесі, мәдениет қайраткері, ақын Қазыбек Иса Шымкент қаласына жұмыс сапармен келді. Жұмыс сапары аясында бірқатар мекемелерді аралап, халықпен кездесу өткізді. Алдымен Қазыбек Иса Шымкент қаласындағы кітапханаға барып, еңбек ұжымымен кездесті. Кітапхана қызметкерлері мәжілісменге сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды. Кітапханашылардың жалақысын көтеру, еңбек демалыстарын 45 күнге дейін ұзарту сынды тілектерін жеткізді. Мәжіліс депутаты бұл мәселелер бойынша жазбаша түрде өтініш жазу керектігін айтып, өз тарапынан тиісті мемлекеттік органдарға депутаттық сауал жолдайтынын жеткізді.
Алғашқы жиын Шымкент қаласының Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Абай атындағы қалалық орталықтандырылған кітапханасында өтті. – Мәслихат дегеніміз тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс қарамағындағы аймақтың жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік орган. Ал депутаттарымыз өзі сайланған аумақта тұратын халықтың мұң-мұқтажын қорғап, олардың қалауы мен ықтиярын білдіреді, берген аманатын орындайды. Сонымен бірге, жалпы мемлекеттік мүддені ескере отырып, қабылданған шешімдердің жүзеге асыру шараларын белгілеп, оның орындалу барысын бақылайды.
Бірінші орында адал және халық жанашыры болу керек. Депутатқа табысталған барлық жауапкершілікті адал орындап, халыққа аянбай еңбек ететін болса, халық та қолдау көрсететін еді.
Кітапхана ұжымы және оқырмандармен кездесу барысында, Қазыбек Жарылқасынұлы Ұлытау облысынан басталған жұмыс сапары мен Алтын орданың негізін қалаған Жошы ханның тарихтағы рөлін айтып өтті. Сондай-ак, оңтүстік өнірі мен Шымкент қаласының бай рухани және тарихи-мәдени мұрасын, салт-дастүрлерін тілге тиек етіп, Президенттің тың бастамалары негізінде атқарылып жатқан бірқатар жұмыстарға тоқталды.
Жиында кітапхана қызметкерлері Мәжіліс депутатына мәселерін жеткізді. Олар жалақының аздығын және еңбек демалысын 30 күннен 45 күнге көбейтуді жеткізді. Қазыбек Исаның «Кітапханада» атты жинағы, кітапхана қызметкерлерінің бойтұмарына айналғандығын да ұжым атап өтті.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

smarttop

SENAT OPEN ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Шымкент қаласының маңындағы аудандардағы инфрақұрылым

smarttop

Пікір қалдыру