16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер енесінің алтын бұйымдарын ұрлаған азамат анықталды

Шардара АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу оның үйіне терезе арқылы кіріп, оның жатын бөлмесіндегі алтын жүзігі мен алтын сырғасын сондай-ақ бағалы бриллианттарымен алқаларын жымқырып кеткен. Келтірілген шығын 1 700 000 теңге. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы “Ұрлық» бойынша тіркеді.


Қылмысты дер кезінде ашу мақсатында Шардара АПБ-ның қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру шараларын тиянақты жүргізді. Куәлардан жауаптар алынып, үйдің айналасы жіті қаралды. Нәтижесінде шардаралық тәртіп сақшылары күдіктінің ізіне түсті. Бір күн ішінде оның түр-тұлғасын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Анықталғандай, күдікті ер адам жергілікті тұрғын, жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол оңай жолмен ақша табу мақсатында қараусыз тұрған үйге кіріп, алтын бұйымдарды жымқырған. Ол ұрлаған алтындарды үйінің ауласындағы гаражына тығып, сатудың оңтайлы сәтін күткен. Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алтын жүзікпен сырғаларды тәркілеп, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Түркістан облысы полиция қызметкерлері тұрғындарға ескертеді: үй-жайларыңызға, жеке ғимараттар мен нысандарға мықты құлып орнатып, бейнекамералармен жабдықтаңыздар.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫНА 72 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ШЫҒАРАТЫН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӨҢДЕП, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНА ҚАЖЕТТІ ЗАТТАР ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ БАР

smarttop

ЖАСТАРҒА БЕРІЛГЕН ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру