21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ КАСПИЙ ЖӘНЕ АРАЛ ТЕҢІЗДЕРІНДЕГІ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН БІРЛЕСКЕН КҮШ-ЖІГЕР ҚАЖЕТ ЕКЕНІНЕ НАЗАР АУДАРДЫ

– Каспий теңізінің логистикалық әлеуетін арттыру маңызды дедік. Бірақ ондағы экология мәселелерін де назардан тыс қалдырмау қажет. Мысалы, өзекті түйткілдің бірі – теңіздің тартылуы. Оның қоршаған ортасын, флорасы мен фаунасын қорғау да – аса маңызды міндет. Каспийді құтқару үшін нақты шешімдерді пысықтау керек. Осы ретте, түркі елдері ғалымдарының ықпалдастығын жандандыратын кез келді. Сонымен қатар Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек, – деді Қазақстан Президенті.
✔️Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, бүгінгі басқосудың маңызды мәселелерді жан-жақты талқылауға мүмкіндік бергенін атап өтіп, осындай кездесулер түркі әлемінің халықаралық деңгейдегі беделін арттыруға және бауырластық байланыстарды нығайтуға зор үлес қосатынын айтты.

Ұқсас ақпараттар

Мұнай-газ, автомобиль саласы. Премьер-министр әріптестеріне бірқатар тапсырма берді

smarttop

ЕРТЕ АРАЛАСУ БӨЛІМШЕСІ МҮГЕДЕКТІКТІ АЗАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕТІ БАЗАР ЖАҢАРУДАН ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру