Smarttop.kz

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

🔷 Telegram және WhatsApp мессенджерлерінде қала әкімінің атынан ақпарат жіберу фактілері қайталануда. Бұл жалған!

🔷 Хабарламаларды интернет алаяқтары жіберуде. Жалған хабарламаларға сенбеулеріңізді, жауап бермеулеріңізді, ақша аудармауларыңызды және күмәнді сілтемелерге өтпеулеріңізді сұраймыз.

🔷 Өздеріңіз білетіндей, қала әкімінің Instagram және Facebook желілерінде екі ресми аккаунты бар.

🔷 Мегаполис басшысы барлық хабарламаларды тек жеке телефоны мен ресми аккаунттарынан жібереді. Егер сізге қала әкімінің атынан қоңырау немесе хабарлама түссе, бірақ нөмір жасырын болса, оған мән бермеңіз.

🔷 Сақ болуға, арандатушылыққа бой алдырмауға шақырамыз. Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!

Ұқсас ақпараттар

АСЫҒЫҢЫЗ, «QAMQOR» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БІТУІНЕ 4 КҮН ҚАЛДЫ!

smarttop

ТҮРКІСТАН: СЫЛТАУ АЙТҚАН ӘКІМДЕР СЫНҒА ҚАЛДЫ

smarttop

«ҚЫРЫҚ ЕРТЕГІ – ҚЫРЫҚ КЕЙІПКЕР»: АЛМАТЫЛЫҚ ӨНЕРПАЗДАР БАС ЖҮЛДЕНІ ЖЕҢІП АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру