12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қалалық Полиция департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді. Қоғамдық қауіпсіздік пен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды талқылап, мамандардың ұсыныстарын тыңдады.
Сенат депутаты азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыруда департаменттің жұмысы ауқымды екенін атап өтті. Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылығы мен қызметкерлері сенаторға құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Депутаттарға жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтауға арналған “Қорғау” жүйесінің ерекшеліктері туралы айтылды. Бағдарлама көше камераларының деректерін талдай отырып, жақын маңдағы полицейдің планшетіне қауіпті жүргізушінің оған жақындағаны туралы сигнал береді. “Қорғау” жүйесінің көмегімен 18 мыңға жуық автокөлік айыппұл тұрағына қамалды, жалған нөмірлерді пайдаланудың 909 фактісі анықталды.
-Шымкент қаласында аса ауыр қылмыстар саны азайып отыр. Әрине, жұмыс күші, материалдық жабдықтау бойынша әлі де мәселелер бар. Қала әкімдігі мен департамент арасында жақсы байланыс орнатылғанын көріп отырмын. Жалпы профилактикалық жұмыстардың маңызы зор. Ендігі ретте қызметкерлердің материалдық жағдайын назардан тыс қалдырмау керек. Ынталандыру шараларын әрдайым назарға алыңыздар, — деді Сенат депутаты.
Шымкент қаласы аумағында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде криминогендік жағдай бір қалыпты – қылмыстардың жалпы саны -27,1 пайызға төмендеген. Қылмыстың тіркелуі өткен жылмен салыстырғанда -25,9 % азайған.
«Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасы 5 ауданда құрылып, ведомствоаралық топтар жұмыс атқаруда. Проблемалық аумақтарды анықтау жұмыстары жүргізілген.
Жиында қызметтің сапасын жақсартуда бірқатар ұсыныстар айтылды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА АЛЮМИНИЙ ПРОФИЛЬДЕРІН ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ АШЫЛАДЫ

smarttop

ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ГАЗ ТЕХНИКАЛЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫ ТАРАПЫНАН ТЕКСЕРУ

smarttop

Пікір қалдыру