16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ОҚУШЫЛАР ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬЛЕРДЕ ДЕМАЛУДА

🔷 Қаладағы жалпы орта білім беру ұйымдарының 232 мыңнан астам оқушысын жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Оның ішінде 9 494-і жергілікті бюджеттен, 9 440-ы демеушілер есебінен және кәсіподақ тарапынан 90 бала қала сыртындағы лагерьлерде және 213 400 шәкірт мектеп жанындағы алаңдарда демалады.

Жазғы лагерь — бұл тек демалатын жер емес. Лагерь — әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек, онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды.

Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді. Лагерьде бала өзін еркін сезінеді.

Лагерьдің тағы бір пайдасы — таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі.

🔷 Мектеп алаңдарында 213 мыңға жуық бала демалыспен қамтылды. Балалар қала сыртындағы 7 лагерде атап айтқанда, Түркістан облысы, Төлеби ауданындағы «Бәйшешек», «Көктөбе», «Тау шыңы» және «Арыс», «Машат — Арасан», «Гаваи» және «Тур база» лагерлерінде де ауысыммен демалуда. Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы кейбір балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мектепте күні бойы өтетін сабақтардан шаршаған кейбір оқушылар демалысты өз үйлерінде ешқандай режимсіз өткізгілері келеді. Лагерьдегі нақты жоспар бойынша өтетін күндер мұндай балаларға ұнамасы анық.

🔷 Бұл бағыттағы жұмыстар 20 маусымнан бастап Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Көлкент елдімекенінде орналасқан Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты мемлекеттік «Ақсу» лагерінде ұйымдастырылуда. Балалар үйінің 114 тәрбиеленушісі қала сыртындағы «Үшбұлақ» лагерінде демалысын жалғастыруда. Бұл шаралар оқу жылының басталуына дейін ұйымдастырылады.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: АУЫЛЫН АБАТТАНДЫРМАҒАН ӘКІМДЕРГЕ ЕСКЕРТУ БЕРІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ “СОЛЛАЛЬ» МЕЙРАМЫ АТАП ӨТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ГРАНТТАРЫН ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУҒА 2 РЕТ ТЕГІН ҰБТ ТАПСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру