3.3 C
Шымкент
Суббота, 23 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЕНАТ ДЕПУТАТЫ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗГЕРІСТЕРДЕН ХАБАРДАР ЕТТІ

Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров Шымкент қалалық сотының судьяларымен кездесіп, сот жүйесіндегі соңғы жылдардағы реформалар, жаңашылдықтар тақырыбында жиын өткізді.
Жиынға алқа төрағалары мен судьялары, жергілікті соттардың төрағалары және Сот әкімшілігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің қызметкерлері қатысты.
Сенатор жиында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңына енгізгелі тұрған өзгерістерден хабардар етті.
Сонымен қатар, алқа судьялары Назира Аманқұлова және Виталий Мирошников «Сот жүйесін реформалауға және практикада құқық қолдануға қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістерді талқылау мәселелері» туралы баяндама жасады.Азаматтар жұмыс орнында немесе үйінде отырып-ақ интернет арқылы сотқа арыз беріп, сот актісін ала алады, бұрынғыдай арыз тапсыру үшін сот кеңсесінің алдында ұзақ уақыт кезек күтіп тұрмайды. Бұл кодексте бітімгерлік шараларына жеке тарау арналған. Азаматтық сотта тараптар өзара талаптарын бітімгершілік келісімді бекітумен, медиация тәртібінде дауларды реттеу туралы келісім немесе партисипативтік рәсім тәртібінде реттеу туралы келісіммен реттей алады. Сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға көмектеседі.

Барлық процестер дыбыс-бейнежазбаларға жазылады, бұл барлық жағынан да өте тиімді, сот хатшыларының да хаттама жазудан қолы босап, жұмыс жүктелімі де біршама жеңілдеді, сондай-ақ тараптарда бұрынғыдай қағаз жүзіндегі хаттаманы оқып танысумен уақытын өткізбей, бар болғаны дыбыс-бейнежазба көшірмесін алып, өзіне тиімді уақытта тыңдап, көре алады.

Кездесуде қалалық сот төрағасы Әділхан Шайхисламов «Сот жүйесін реформалау және процестік заңнаманы жетілдіру туралы» заң жобасына депутаттар бастамашы болғанын атап өтіп, сот жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмалардың жүйелі орындалып жатқанын жеткізді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«ШАҢЫРАҚ» ИПОТЕКАЛЫҚ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

smarttop

«АРДАҚТАЙЫҚ, АЯЛАЙЫҚ АНАНЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК БАЙҚАУ ӨТІП ЖАТЫР

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БЕС ЖЫЛДА 900 ШАҚЫРЫМНАН АСТАМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру