Ілияс Үсен, Шымкент қаласының тұрғыны:
«Жұмыстан шаршап келген кезде осындай кештер болып жатса, ол өте тамаша. Енді «әу» демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Ән айтып жүргеннен кейін, кішкене ән айтайын деп шештім. Жақсы ұнап жатыр».
Басқосу кеші Қазақстан-Түркия достастығы саябағында өтті. Жауаптылар Шымкенттіктердің өнерге деген қызығушылығын ашық аспан астында арттыруды көзгендерін айтады.
Қуаныш Серікбай, Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:
«Қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен өтіп жатқан шарада біздің талантты жастарымыз аспаптың сүйемелдеуімен өздерінің қалауындағы әнді шырқайды. Яғни, бұл іс-шарада тек қана талантты жастар емес, кез келген қала тұрғыны өзінің еркіндегі әнді шырқай алады».
Караоке кешіне жетпіске жуық тұрғын жиналды. Еркін форматтағы басқосуға жиналған жастар өздеріне көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер сыйлайды.