16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

“SHYMKENT-TALANTS SHOW” КЕШІ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Shymkent – Talants show» кеші өтті.
Жастар ресурстық орталығы немесе ЖРО – жастардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жәрдемдесетін және жастар ұйымдарының қызметіне қолдау көрсететін ұйым.
ЖРО негізгі міндеттері:
Жастарды жұмысқа тұруға дайындауға, цифрлық сауаттылығын арттыруға, инновациялық және кәсіпкерлік қызметін жандандыруға жәрдемдесу;
Ашық аспан астында өткен іс-шарада қала тұрғындары мен жастары музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен түрлі көңілді әндер шырқады. Кешкі іс-шарада қала тұрғындары мен жастары кешкі уақыттарын керемет өткізіп, әуендерді үздік айтқан қатысушылар, қала тұрғындарының құрмет-қошеметіне ие болды.
Айта кетейік, алдағы уақытта қала тұрғындары мен жастардың жазғы мезгілдегі бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында түрлі іс-шаралар тізбегі өз жалғасын табады.

Ілияс Үсен, Шымкент қаласының тұрғыны:
«Жұмыстан шаршап келген кезде осындай кештер болып жатса, ол өте тамаша. Енді «әу» демейтін қазақ жоқ дейді ғой. Ән айтып жүргеннен кейін, кішкене ән айтайын деп шештім. Жақсы ұнап жатыр».

Басқосу кеші Қазақстан-Түркия достастығы саябағында өтті. Жауаптылар Шымкенттіктердің өнерге деген қызығушылығын ашық аспан астында арттыруды көзгендерін айтады.

Қуаныш Серікбай, Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы:
«Қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен өтіп жатқан шарада біздің талантты жастарымыз аспаптың сүйемелдеуімен өздерінің қалауындағы әнді шырқайды. Яғни, бұл іс-шарада тек қана талантты жастар емес, кез келген қала тұрғыны өзінің еркіндегі әнді шырқай алады».

Караоке кешіне жетпіске жуық тұрғын жиналды. Еркін форматтағы басқосуға жиналған жастар өздеріне көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас естеліктер сыйлайды.

Ұқсас ақпараттар

«ҮЗДІК ЖАСТАР — 2022» ПРЕМИЯСЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН “ҚАМҚОРЛЫҚ” ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАР КӨБЕЮДЕ

smarttop

Пікір қалдыру