4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ КЕЗІНДЕГІ СҰРАҚТАРДЫ АЛДЫН АЛУДА

Бүгін салалық басқарма басшыларымен бірге қаланы жаяу араладық. Азаматтарды қабылдау барысында «Шұғыла» шағынауданы, Қазына көшесінің тұрғыны Сырға Тәжібаева жер қатынастары саласына қатысты мәселесін көтерген болатын. Жауапты мамандарға бұл өтінішті қолданыстағы заңнамаға сәйкес зерделеу тапсырылды.
Сонымен қатар, 110/10 кВ «Дендропарк» қосалқы стансасының құрылыс барысымен таныстым. Станса салынып жатқан тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік нысандарды сапалы энергиямен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Одан әрі Қаратау ауданындағы «Үш бұлақ» балалар лагеріне бардым. Лагерьдің инфрақұрылымымен танысып, балалардың тамақтануы мен бос уақытын ұйымдастыруына, сондай-ақ нысанның кешенді қауіпсіздік жүйесіне баса назар аудардым. Жауапты басқарма басшысына мектеп оқушыларының жазғы демалысы қауіпсіз, қызықты әрі пайдалы өту үшін тиісті барлық шара қабылдау бойынша тапсырма бердім.
Бұдан бөлек, “Достық” шағынауданы, Сыпыра жырау көшесінің тұрғындарымен кездестім. Кездесу барысында табиғи газбен қамту, кәріз, жол төсеу және жарықтандыру сынды өзекті мәселелер талқыланды. Қала тұрғындарына инфрақұрылымдық проблемалардың барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін түсіндірдім.
Сондай-ақ, “Мәртөбе” кешенінің санитарлық жағдайын, “Өтеміс” және “Сайрам” тұрғын алабындағы мәдениет үйінің және “Шапырашты” тұрғын алабындағы спорт кешенінің құрылыс барысын бақыладым.
Сондай-ақ бүгін шетелдік инвестор “Guyi Holding Company” өкілдерімен кездестім. Компания Шымкентте электромобиль шығару бойынша ірі инвестициялық жобаны жүзеге асырмақ. Жаяу аралау барысында инвесторларды «Жұлдыз» индустриялық аймағымен таныстырдым. Зауыт салуға мүмкіндік бар учаскелерді бірге араладық.
Бұдан бөлек «Шымтау» жаңа тұрғын алабында болдым. Халық жарық пен газ мәселесін көтеріп, асфальт төсеу және қоғамдық көлік бағытын ұзарту бойынша өтініштерін білдірді. Әңгімелесу барысында барлық мәселелер өзектілігіне қарай кезең-кезеңімен шешілетінін жеткіздім.
17 шағынаудан тұрғындарының да шағымын назардан тыс қалдырмадық. Көпқабатты үйлердің ауласында мердігер мекеме ойын алаңын қиратып кеткен. Олардың қателескені анықталды және компания жақын арада ойын алаңын өз қаражаты есебінен қалпына келтіріп, жаңа элементтермен толықтыратынын айтты.

Ұқсас ақпараттар

БІРЫҢҒАЙ ҚАБЫЛДАУДА АЗАМАТТАРМЕН КЕРІ БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТУ ТАПСЫРЫЛДЫ

smarttop

Полиция қызметкерлері ұрлық жасаған дүкен сатушысын құрықтады

smarttop

 ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ ЖҰМЫСТАРЫ  ЖАҚСЫ НӘТИЖЕ КӨРСЕТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру