13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

«STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ЖӘНЕ ЖАС АҚЫНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ерікті жастарға семинар-тренинг өтті.
Мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Тақырыпты ашып айтқанда кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Осы сынды мәселелер тренинг барысында жастарға толыққанды айтылып, кибербуллингтің құрбаны болудан аулақ болуға шақырды. жастар арасындағы кибербуллинг қатты тараған.  Ғаламторлық желінің арқасында қаншама жастар осы неше түрлі сайттардың құрбаны болып жатыр.Осы кездесуде талқыланған мәселелердің бірі осы болмақ.

Және де Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жас ақынмен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты — жас ақындарды таныстыру, жастардың өнерге, мәдениетке, шығармашылыққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Кездесудің басты қонағы жас актер, ақын Мұқағали Әбдішәріп. Сұхбат барысында жастарға өзінің ақындық өнерге қалай келгені туралы айтып, әрі түрлі жанрдағы авторлық өлеңдерін паш етумен қатар, өмірбаянымен кинодағы шеберлігімен таныстырып өтті. Сонымен қатар жастарға патриоттық өлеңдерімен жігер беріп, ақындық өнерге қызығушылығы бар жастарға ештеңеден қорықпай алға қарай ұмтылып арман жолында тек сәттілік тіледі.

Ұқсас ақпараттар

№ 8 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ 1 СӘУІРДЕ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру