12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША 205 000 АЗАМАТ ЗЕЙНЕТАҚЫ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ АЛАДЫ

Шымкент қаласы бойынша зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 205 000 астам азаматты құрайды. Азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетудің 16 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде дейді, бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Тұңғышбаев Руслан Кәрібайұлы баяндады.
2024 жылдың I жарты жылында жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылардың және қайта қаралған төлемдердің саны – 74191 құрайды.
Жаңадан тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақылар саны – 43643;
Қайта қаралған зейнетақы мен жәрдемақылар саны –30548.
Есеп беру кезеңінде 59 өтініш бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден және 668 мемлекеттік кепілдік төлеуден бас тартылған.
Зейнетақылар мен жәрдемақыларды тағайындау Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылып, есеп беру кезеңiнде мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерiн бұзу және заңсыз тағайындалған төлемдер жоқ.
2024 жылғы 6 айға МӘС бөлімдері жалпы 7775 адамға мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде, алғашқы рет куәландырылғаны 1642 адам, қайта куәландырылғаны 5493 адам, негізсіз жолданғандары – 95(325). Бұхаралық ақпарат құралдарында зейнетақы мен әлеуметтік төлемақылар туралы заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 1 рет жергілікті телеарналарда хабарға қатысып, 2 рет газеттерде мақала жарияланған.
Алғаш куәландырылған қызмет алушылар арасынан 1555 (1412) адамға мүгедектік тағайындалған яғни, өткен жылмен салыстырғанда 143 адамға көбейген.
Алғаш мүгедек деп танылғандар ішінен:
— ересектері 1036 адам (945), пайыздық үлесі 66,6%,
— 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар 519 бала (467), пайыздық үлесі 33,3% құрайды.
#RSK #RSK_SHYMKENT
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Ғабит Сыздықбеков

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫ ӨТУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН КЕШЕНДІ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

СӘУЛЕ ШАҒЫНАУДАНЫН ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯДЫ

smarttop

Пікір қалдыру