8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ:ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ҚАЛАЙ ЖҮРУІН ТЕКСЕРУДЕ

Бүгін бірқатар білім беру нысандарын араладым. А.Сейдімбек атындағы №80, №48, М.Х.Дулати атындағы №8 және Б.Момышұлы атындағы №120 мектептерде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарымен таныстым. Салалық басқарма басшыларына тек құрылыс барысына ғана емес, жақын маңдағы аумақтардың санитарлық жағдайына да бақылауды күшейтуді тапсырдым. Сондай-ақ, күзге қарай аумаққа ағаш көшеттерін отырғызу қажет екенін айттым.
Бұдан бөлек Әл-Фараби ауданы, Әбдіразақов көшесінің тұрғындарымен кездестім. Кездесуде тазалық және абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, жауапты тұлғаларға көпқабатты үй іргесіндегі жер учаскелеріне беріліп жатқан құжаттардың заңдылығын тексеруді тапсырдым.
Ақпан батыр көшесі тұрғындарының өтінішін де назардан тыс қалдырмадық. Қала тұрғындары жақын маңдағы сауда орындарына қатысты шағым білдірді. Сөздерінше, бұл аумақтан шығатын балықтың иісі жергілікті халықтың әбден мазасын алған. Жауапты мамандарға кәсіпкерлік нысандарының санитарлық нормаларға сәйкестігін тексеру бойынша тапсырма бердім.
Сондай-ақ Жаңаталап шағынауданындағы жаңа көпір құрылысын да тексердім. Мердігер мекеме мен аудан әкімдігі өкілдеріне учаскедегі барлық жұмысты сапалы әрі уақытылы аяқтау міндетін жүктедім.

«Білім және ғылым министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, елдегі барлық оқу орнының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексерсін. Сигнализацияның, гидранттар мен өрт сөндіргіштердің, өрт кезіндегі апаттық шығулардың жұмысқа жарамдылығы тексерілсін», — деді Смайылов үкімет отырысында.
Өздеріңізге белгілі, менің тапсырмам бойынша мегаполис аумағында заңсыз орналасқан құрылыс базарлары қала сыртына көшіріліп жатыр. Аралау барысында Абай ауданындағы атқарылып жатқан жұмыстарды тексердім. Нәтижесінде, аудан әкімдері мен сала басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді.

Ұқсас ақпараттар

№ 8 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ СПОРТҚА АҚША БӨЛУДЕН РЕСПУБЛИКАДА 1 ОРЫНДА ТҰР

smarttop

Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа тұрғызып беремін деп 4 000 000 теңгені алған ер азамат анықталды

smarttop

Пікір қалдыру