Жергілікті мамандар қырық жылдан астам уақыттан бері «Арыс МТ» барокамерасының көмегімен күйік шалған ауыр жағдайдағы науқастарды емдеп, ажалдан арашалап жүр.
Т. Орынбаев атындағы гипербариялық оксигенация орталығындағы бұл кешенде қан қысымы көтерілген, қант диабетіне шалдыққан пациенттерге де терапиялық емдеу жүргізіледі. Әуе ұшағына ұқсас жасалған апаратта дәрігерлер бір мезетте терапиялық ем-шаралармен қатар ота да жасайды.
«Арыс Мт» құрылғысы бір қарағанда үлкен әуе ұшағына ұқсайды. Барокемара ішінде күйік шалған, түрлі дәрежеде уланған, қан қысымы көтерілген, қант диабеті сынды сырқатқа шалдыққан пациенттерге терапиялық емдеу жұмыстары жүргізіледі. Оттегімен қамтамасыз ететін кешеннің ішінде хирургиялық ем жасауға да болады.
Мадина Ермағанбетова, Т. Орынбаев Атындағы гипербариялық оксигенация орталығының бас дәрігері: «Бұл кешен екі блоктан тұрады. бірінші блокта емдеу, екіншісінде операция жасауға болады».
«Арыс-МТ» операциялық-терапиялық барокешенінінде дәрігерлер 40 жылдан аса науқастарға медициналық көмек көрсетіп келеді. Ал 1994 жылы дәл осы аппараттың ішінде ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тілігі отасы жасалып, ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуде үлкен жетістікке жетті. Әлі де мұнда жүкті әйелдерге емдеу жұмыстары жүргізіледі.
Жарты ғасыр бұрын құрастырылған «Арыс МТ» аппараты әлі де сыр бермей, емдеу жұмыстарын толық жүргізуге қауқарлы. Мұнда орта Азияда теңдесі жоқ құрылығының көмегімен дәрігерлер күйік шалған және уланған ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.
1994 жылы дәл осы барокамерада ауыр жағдайдағы жүкті әйелдерге кесір тіліктері де жасалған. Бұл өз кезегінде ана мен бала өлімі көрсеткішін төмендетуге сеп болған.
Осыған дейін дәрігерлер кешеннің көмегімен түрлі диагнозға шалдыққан ауыр жағадайдағы мыңдаған науқастың өмірін аман алып қалған.