5.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ ЧАТ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Шымкент қаласы тұрғындары 109 I-көмек ситуациялық орталығына хабарласып, ВДГО мекемелері бойынша мәлімет алуға және олардың жұмыстарына қатысты сыни ескертпелерді қалдыра алады. Бұл туралы Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысы М. Абдинуров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында берген брифингте баяндады.
Газ тұтыну жүйелерін сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 1-тармағына сәйкес, газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.

Газ жабдығының тиісті техникалық жай-күйін тексерту кезінде, осындай қызметті көрсететін ұйымдардан сапалы қызмет көрсетуді талап ету қажет. Жекелеген жағдайларда қызметті сапасыз көрсету салдарынан адамдардың улану фактісі орын алған.
Сонымен бірге осы қызметті сапасыз көрсеткен ұйымдарға ӘҚБтК-тің 299-бабы бойынша әкімшілік жауаптылық қарастырылған.
Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу — ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 306 бап 1-бөлігіне сәйкес, 2024 жылы 87 тұлға (жалпы айыппұл сомасы — 318 АЕК, 1174056 теңге) жауапкершілікке тартылатын болады.
Еске сала кетейік, аталған шаралар сақталмаған жағдайда әкімшілік шара көзделген.
Тұрғындардың өтініштерін үнемі бақылау жасау мақсатында ВДГО мекемелері, 109 I-көмек және Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасымен орталықтандырылған чат құрылып, жұмыс атқарылуда. Сонымен қатар, қалада құрылған «Газ техникалық қызметі КММ-і» қала тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік туралы жадынамаларды үйме-үй тарату жұмыстары жүйеге қойылған.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЖАҢА ДЕПУТАТТАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫН БАСТАДЫ

smarttop

БАЗАРҚАҚПА ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ АСФАЛЬТ ЖОЛ САЛЫНУДА

smarttop

МЕКТЕПТЕР КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру