13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

2024 жылғы өрт қауіпті кезеңге ықтимал табиғи өрттерді жер жырту жолымен оқшаулау мақсатында жалпы ұзындығы 1110,5 км құрайтын минералдандырылған жолақтарды жырту жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 241,4 км, орман алқаптарында — 467 км және егіс алқаптарының айналасында — 402,1 км.
Ал Департаментте, болуы мүмкін орман дала өрттерін сөндіруге жоғары өтімді 13 бірлік техника (негізгі — 5, арнайы — 4, қосалқы — 4) және 84 адам жеке құрамы ұдайы дайындыққа келтірілген.
Өрт қауіпті кезеңде орман қоры аумағында пилотсыз ұшу аппараттарымен айровизуалды бақылау жұмыстарын жүргізуге арналған жауынгерлік 5 дана пилотсыз ұшу аппараттары дайындыққа келтірілген. Оның 4-і жылу анықтағыш камералармен жабдықталған.

Шымкент қаласының аумағында Шымкент қаласы әкімдігінің теңгеріміндегі «Жасыл Белдеу» және Түркістан облысы әкімдігіне қарасты «Бадам» орман шаруашылықтары орналасқан. Екі орман шаруашылығының жалпы жер көлемі 4 мың 826 га, оның ішінде орманды алқабы 2 мың 999 га, ормансыз алқап 1 мың 827 га құрайды.
Орман қорын қорғау мақсатында екі шаруашылықтың балансында, жалпы 3 бірлік негізгі өрт сөндіру техникасы, 14 бірлік бейімделген техника және 279 өрт сөндіру құралдары мен 6 бірлік мотопомпа бар. Қазіргі таңда, жабдықтау мен 20 жеке құрамы дайындыққа келтірілген.
Бүгінгі таңда, өрт қауіпі кезеңде орман дала өрттерінің туындау тәуекелін төмендету мақсатында азаматтық қорғау, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметінің және орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатарынан мобилді топтар құрылып, мемлекеттік орман қоры аумағына жеке тұлғалардың белгіленбеген орындарда от жағу және көлік құралдарының кіруін шектеу бойынша рейдтік іс- шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ орман дала алқаптарында табиғи өрттер орын алған жағдайда орман шаруашылығы мен азаматтық қорғау органдарының арасында жедел өзара іс-қимыл жасау мақсатында радиобайланыс орнатылып, күнделікті тексеру жұмыстары орындалуда.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 94 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ФРОНТ-ОФИС КӘСІПКЕРЛЕР ҮШІН ТИІМДІ

smarttop

400 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР КӨЛЕМДЕ КӨГАЛДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру