5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Жиынға партия филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Бауыржан Қуанышбеков, партия филиалының атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев және кеңес мүшелері қатысты.
Кеңестің күн тәртібінде Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмыс барысындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу және жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың барысы қаралды.
Аталған мәселе бойынша ең алдымен Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Абдуллаев баяндама жасады. Ол өз сөзінде МӘМС жобасы бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында талаптар сақталып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары Шалхар Шерімов сөз алып, МӘМС жүйесі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына тоқталды. Ол аталған салада сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ешқандай дерек тіркелмегенін мәлімдеді.
Алайда, кеңес мүшелері МӘМС жүйесінің кемшілігінен азаматтардың түрлі бағыттарда кедергілерге тап болып жатқанын жеткізді. Мәселен, аудан, қалалардағы шаруалар міндетті сақтандыруды уақытылы төлемегендіктен банктегі есеп-шоттары бұғатталып жатқанын айтты. Алайда, сақтандыру қорына тиісті төлемді жасамаған жағдайда жоғарыда аталған мәселенің туындайтыны жөнінде алдын ала хабарланбаған.
Қоғамдық кеңес отырысында аталған мәселелер талқыға түсіп, тиісті шешімдер қабылданды.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНАН ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

ЭЛЕКТРОНДЫ ЖҮЙЕГЕ АУЫСУ ҰЗАҚҚА БАРМАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру