5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 10 жыл толуына орай мерекелік салтанатты жиын өтті. Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған іс-шараға салық және кеден саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысты. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков сала қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Қала әкімі шаһарда жергілікті салық түсімдерінің артып келе жатқанын атап өтіп, ел қазынасы үшін жұмыс атқарып жүрген әрбір қызметкерге алғысын айтты.
Сондай-ақ, экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру — мемлекеттік кірістер органдарының қажырлы еңбегі екеніне тоқталды.

Мемлекеттік кірістер комитеті кеден ісі саласындағы реттеушілік, іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асырады.Сондай-ақ, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, сақтау, аудару және аударымдардың толықтығы мен уақтылы орындалуын қамтамасыз ететін бірден-бір комитет.Кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу, өндірісті мемлекеттік реттеу, яғни этил спирті мен алкоголь өнімдерін, темекі өнімдерін, мұнай өнімдерінің кейбір түрлерін, биоотынның айналымдарын реттеу сынды функцияларды атқаруда Мемлекеттік кірістер комитетінің рөлі айрықша зор.

Мерекелік іс-шара барысында үздік қызметкерлер ҚР ҚМ «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісімен, Шымкент қаласы Әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Бейбіт Қарымсақов салық жүйесіндегі оң жетістіктер бойынша баяндама жасады.
Салтанатты жиын соңы мерекелік концертке ұласты.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНДА ГАЗ ҚОЛДАНУҒА ҚАТЫСТЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТ: РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 300-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫНА ПӘТЕР КІЛТТЕРІ ТАБЫСТАЛДЫ

smarttop

2023 ЖЫЛЫ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру