2024 жылдың 1-мамырынан бастап 14 санаттағы азаматтар үшін қоғамдық көліктерде тегін жүру мүмкіндігі қарастырылған. Бірақ, бұл жолаушыларға көлік карталарын алып жүру міндеттелген еді. Абай, Қаратау және Тұран аудандарында көлік карталары сатылуда, бағасы 550 теңге. Tolem картасын қолданушыларға жаңа карталарды алудың қажеті жоқ, себебі олардың карталары жарамды. Avtobys жүйесінің жаңа картасы 10 минутта дайын болады, бұл тегін жүретін қала тұрғындары үшін өте ыңғайлы.
Мамандар бір жетіде «Avtobys» қосымшасыда қолданысқа шығатынын мәлімдеді. Яғни бұл «Виртуалды жеңілдікті тариф» функциясы. Бұл пластикалық картаны шығармай-ақ жеңілдікті пайдалануға мүмкіндік береді. Қосымшаның көмегімен пайдаланушылар смартфон арқылы жеңілдікпен жол жүру мүмкіндігін пайдалана алады, бұл процесті одан да ыңғайлы және заманауи етеді. Қаратау ауданы әкімдігіне жиналған тұрғындар әлеуметтік карталарын алуда.
«Avtobys» қосымшасы тек жол жүру ақысын төлеу құралы емес, толыққанды электронды әмиян және қала бойынша ыңғайлы жол жүруге арналған кешенді шешім. Қосымшаны пайдалана отырып, Bluetooth, NFC, QR коды және контактісіз банк карталары арқылы жол жүру ақысын төлеп қана қоймай, автобус бағытын қадағалап, оның аялдамада келу уақытын нақты уақыт режимінде болжауға, сол арқылы уақытыңызды үнемдеуге болады.
Көлік картасын алу үшін қандай құжаттар керек?
- Жеке куәлік түпнұсқасы.
- Шымкент қаласының жергiлiктi атқарушы органының мөрi басылған жәрдемақыны алғанын растайтын құжаттың көшiрмесi (түпнұсқа жеке басын куәландыру үшiн ұсынылады).
- 1 дана 3х4 көлеміндегі фотосурет
- Өтініш берушінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім беруі талап етіледі.
Көлік карталары төмендегі мекен-жайларда сатылады:
— Тұран ауданы әкімдігі, Байтұлы Баба көш. №12а.
— Абай ауданы әкімдігі, Тәуке хан даңғылы № 3.
— Қаратау ауданының әкімдігі, Бәйдібек би даңғылы № 60.
Tolem карталарын Әл-Фараби, №9 мекен жайынан алуға болады.
Пункттер дүйсенбі-жұма сағат 9:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.
Колл центр: +7 (775) 007 50 50; +7 (727) 317 47 05