12.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕГІ ҚЫЗМЕТ САПАСЫН АРТТЫРУ-БАСТЫ МАҚСАТ

Шымкент қаласының қоғамдық көлік қызметін дамыту мен тасымалдаушылардың жауапкершілігін арттыру мақсатында маңызды өзгерістер енгізілді. Енді тасымалдаушыларға қойылған талаптарды бұзған жағдайда айыппұл мөлшері 1,5%-дан 3%-ға дейін ұлғайды. Автобустардың аялдамаға тоқтамауы немесе кестеден 15 минутқа кешігуі/ерте келуі автоматтандырылған жүйе арқылы бақылауда. Жыл басынан бері бұл шаралар қала бюджетіне 424,5 млн теңге үнемделуіне септігін тигізді.

Қала тұрғындарының көптеген сұраныстарын зерделеу және талдамалық жұмыстар жүргізу нәтижесінде «Тұран», «ШымСити», «Нұртас», «Ақжайық» шағын аудандары арқылы өтетін №3 айналма маршрут пен «Оңтүстік» шағын ауданындағы №4 маршрут іске қосылды. Сонымен қатар, 22 маршруттың қозғалыс сызбалары өзгертіліп, жолаушылар ағынының өсуіне байланысты 17 маршруттың қозғалыс кестесі кеңейтілді. 9 маршруттың жұмыс уақыты түнгі 23:00-ге дейін ұзартылып, тұрғындардың түнгі уақытта қала ішінде қолайлы жүріп-тұруы қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, қала тұрғындары мен ұйымдардың көптеген өтініштерін есепке ала отырып, Шымкент қаласы әкімдігі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешіміне сәйкес, 2024 жылдың 1 мамырынан бастап 14 жекелеген санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте тегін жүру құқығы берілді. Жалпы жеңілдікпен 319 мың адам қамтылды.

Жеңілдік карталарын алу үшін қала аумағында 4 пункттер ашылды Пункттер Абай, Тұран, Қаратау аудан әкімдіктерінде, Әл-Фараби аланында орналасқан.

Жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, жүргізушілер мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және көлеңкелі ақша айналымын болдырмау мақсатында қолма-қол төлеу жүйесін жойып, тек электронды түрде төлемдер жүргізуге шешім қабылданды. Осы бағытта жүргізілген талдауға сәйкес 2024 жылғы 9 айдың қорытындысымен 97% транзакциялар электрондық жүйелері арқылы (карта, QR-код, SMS), ал қалған 3% қолма-қол ақшамен төленген.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер террористік тұрғыдан осал нысандар бойынша объектілерді тексеруге бекітілген қызметкерлермен кездесу өткізді

smarttop

«Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» акциясы Отырар ауданында жалғасты

smarttop

Полицейлермен «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы кезінде 1100-ден астам объект тексеріліп, 500-ден аса хаттама толтырылды

smarttop

Пікір қалдыру