9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

Шымкент қаласының тұрғындары Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Мұны тұрғындардың «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатқан іс-шараларға белсенді түрде қатысуынан да байқауға болады.

Тазалық тақырыбы-күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе. Өйткені,  айнала  қоршаған ортамыздың ойдағыдай таза болуы тұрғындарымыздың денсаулығына тікелей қатысы бар.  Осыған орай жыл сайын аудан әкімінің шешімімен күзгі, көктемгі абаттандыру, көгалдандыру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық айлықтары жарияланып, елдімекендерімізде тазалық шаралары өткеріледі.

Мәселен, бүгін Қаратау ауданындағы Қайтпас шағын ауданында өткен «Таза көше» атты іс-шараға жергілікті тұрғындар, белсенді, ерікті жастар, «Жасыл ел» жасақтарының мүшелері және еңбек ардагерлері де белсенді түрде қатысты.

Іс-шараға 120-дан астам аудан тұрғындары, 8 техника жұмылдырылып, 18 тонна қоқыс шығарылды. Тазалық шарасына қатысушылар Алматы тас жолы мен Қ.Төлеметов көшесінің бойында күл-қоқыстарды тазалап, жол жиектеріндегі қатты қалдықтар мен пласмас қалдықтарды (пакет, баклажка, қағаз және т.б) ретке келтіріп шықты.

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындарды, әсіресе, жастарды айналамыздың таза болуын сақтауға өз үлесін қосуға шақырады. Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан Шымкент қаласының жастарын осы игілікті шараға үлес қосуға шақырамын», — дейді «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш.

Айта кетейік, тазалық шаралары Шымкент қаласының барлық аудандарында жаппай өткізілуде және қоқыстар жиналып, тазалықты сақтау, жалпы қоршаған ортаға ұқыпты қарау ықпал етіп келеді.

Ұқсас ақпараттар

ӨТЕГЕНОВ КӨШЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУДА

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРҒЫННЫҢ ГҮЛЗАР САЛУ ҰСЫНЫСЫН ҚОЛДАДЫ

smarttop

Полицейлер «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде

smarttop

Пікір қалдыру