4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Қала басшысы ядролық медициналық кластер үшінші мегаполистің медициналық туризмін жетілдіретін бірден-бір тетік екенін айтып өтті. Ядролық медицина дегеніміз не?

Оның артықшылығы – орталықтағы жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен мамандар түрлі ауыр дертті ерте анықтап, сапалы ем көрсетуге мүмкіндік алатыны. Ядролық орталық жұмысының тағы бір кезеңі Позитронды-эмиссиялық то­мография (ПЭТ) диагностикасына қатысты. Оның қатерлі ісік ауруын ерте анықтауда пайдасы зор. Дәрігерлер бұл диагностикалық әдісті қолданудан көп үміт күтеді. Неге десеңіз, қатерлі ісіктің 80%-ға жуығы – онкологиялық ауру. Мамандар осы әдістің ісіктің дамуын баға­лауға мүмкіндік беретінін айтады. Сонымен қатар ПЭТ диагностикасы нев­рологиялық бағытта және басқа да ауруларды зерттеп, ем-дом шараларын тағайындауда септігі мол.

Ядролық медицина орталығында жоғары технологиялық медицина қызметін көрсететін аппараттар орнатылған.“Varian Halcyon” — қондырғысы арқылы науқастарға сәулелік терапия емі жүргізіледі. Мұндай құрылғы Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан сынды елдердің ешқайсысында жоқ. Заманауи құрылғы Қазақстанды былай қойғанда, Орталық Азия бойынша алғаш рет Шымкент қаласындағы онкологиялық орталыққа орнатылып отыр.Айта кетейік, ПЭТ/КТ — бұл компьютерлік томографиямен біріктірілген позитронды-эмиссиялық томография. Басқаша айтқанда, глюкоза негізінде радиофармпрепараттардың көмегімен онкологиялық аурулар мен бас миының ауруларына дәл диагностика жасауға мүмкіндік беретін аппарат.Қатерлі ісіктің бастапқы пайда болу сатысын анықтауға және патологиялық процессті басқа әдістерге қарағанда ертерек білуге септігін тигізетін соны жабдық. Дәрігерлер заманауи құрылғының көмегімен обыр ауруларының ошағын дәл тауып, пациенттердің емдік шараларын дер кезінде бастауға мүмкіндігіміз көбеймек деп қуанды.

— Өйткені біз Шымкент қаласына ғана емес, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарының халықтарына қызмет көрсете аламы Ата заңымыздың басты құндылығы халқымыздың денсаулығы екенін ескерсек, атқарып жатқан іс шаралар өмірдің талабы. Қымбат тұратын медициналық қызметтің бұл түрі енді жергілікті халыққа қолжетімді болады,-деді М.Әйтенов.

Әрине, осындай құрылғының орнатылып, медицинаның әлеуеті арта түскені қуантады. Бірақ, сол құрылғыны пайдаланатын жағдай тумаса, тіптен жақсы. Яғни, бәріміз де онкологиялық аурулардан алыс болып, бұл құрылғы пайдаланылмай құр босқа тұрса екен…

Бұдан бөлек литвалық дәрігерлер де шымкенттік медицина мамандарына шеберлік сабағын өтті. Бұл туралы басқарма басшысы Нұрлыбек Асылбеков хабарлады.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ИЗРАИЛЬДЕ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУДА

smarttop

ҰЛТТЫҚ СУСЫНДАРДЫҢ КИЕЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНЫҢ АРТУЫ

smarttop

ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН COWORKING

smarttop

Пікір қалдыру