7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТУҒАН ҚАЛАМЫЗДЫҢ ТАЗАЛЫҒЫНА ҮЛЕС ҚОСУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫМЫЗ!

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар бүгін Шымкент қаласындағы Еңбекші ауданында да жалғасын тауып жатыр. Атап айтқанда, бүгін «Бадам-1» шағын ауданының аумағында «Таза аула» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға ауданынң белсенді жастары, ауыл тұрғындары елді мекен аумағын тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстан тазартып, жол жиектеріндегі шөптерді орып, ағаш бұтақтарын тазалады. Аталған іс-шарадан кейін аулалардың өңі өзгеріп, айнала тазарып шыға келді.

«Елімізде тыныштық пен тұрақтылық сақталып, халқымыздың әл-ауқаты да жақсарып келеді. Ендігі жерде біздің қоғамның экологиялық мәдениеті де өсуі тиіс. Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы, міне, осы мақсатты көздейді.

Сол себепті өзіміздің сүйікті қаламызды таза ұстауға атсалысу – әрбіріміздің азаматтық борышы деп білемін», — дейді Еңбекші ауданы, Бадам-1 ауылының төбе биі Тулеев Әмірхан ақсақал.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар Шымкент қаласында жалғасын тапты.

Экологиялық іс-шараларға қаланың шеткі аймақтарындағы елді мекендердің тұрғындары, Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелері, аудан ардагерлері, «Жасыл ел» еңбек жасақтары, ерікті жастар қатысты.

Бүгінгі іс-шараға қатысушылар Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөніндегі бастамасына жан-жақты қолдау көрсетіп, «Таза көше – Таза аула», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Таза жағалау» ұранымен қала тұрғындары мен қонақтарына тазалық мәдениетін қалыптастыруды да насихаттады.

«Тазалық кісінің ішкі мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісі деуге болады. Біз өзіміздің, өз үйіміздің ғана емес, тұрып жатқан жеріміздің, қаламыздың, туған жеріміздің таза болуына да баса мән беруге дағдылануымыз керек. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасына жастардың белсенді түрде қатысып жатқанын көріп қуанып отырмын», — дейді Шымкент қаласы Тұран ауданындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділбек Сатыбалды.

Жалпы бүгінде Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының оң нәтиже көрсетіп жатқанын, тұрғындар арасында тазалық мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын, бұл бастаманың көпшілік ыстық ықыласпен қабылдап жатырғаны байқауға болады.

Осы орайда «Жасыл ел» штабының Қаратау ауданы бойынша үйлестірушісі Нұрлыислам Қуаныш – «Қоршаған ортаны, табиғатты қорғау – баршаға ортақ міндет. Сондықтан барша қала тұрғындары мен жастарды осы игілікті шараға үлес қосуға шақыратынын, сондай-ақ күнделікті тұрмыстық қалдықтардан шыққан қоқыстардың қаланың экологиясына тигізер залалының орасан екенін айтып, тазалықты сақтауға шақырды.

Жалпы қалада өткен тазалық іс-шарасына 23 техника, 1200-ден астам тұрғындар қатысып, 35 шақырымнан астам жол бойында тазалық жұмыстары мен 2 шағын аудандағы көп қабатты тұрғын үй аулалары, 2 гүлзар мен 1 елді мекен аумағы тазаланып, 76 тонна қоқыс шығарылды.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеріп, жас ұрпақты қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға үйретуді көздейді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ КӨРСЕТКІШ БОЙЫНША ОҢ ДИНАМИКА ҚАЛЫПТАСТЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ САРБАЗДАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру