Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 жоба оның ішінде, 20 жобаның 18-і балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді. Жалпы қаралған қаржы – 491,2 млн.тг. Сонымен бірге, жоба құны – 76,1 млн.теңгені құрайтын халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда.
Сондай-ақ, 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды.
Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған.
9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан жұмыстар атқарылуда. Мердігер мекеме «ӘлемТрансЖол» ЖШС.
Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» акциясы Абай ауданы бойынша «Таза өлке», «Киелі мекен», «Өнегелі ұрпақ», «Жасыл аймақ», және «Мөлдір бұлақ» акциялары аясында тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылып жатыр.
Нақтырақ айтсақ, Асар ш/а, Шымсити ш/а, А.Асқаров атындағы Дендросаябақ, Қызылжар т.а, Игілік т.а, Көкбұлақ т.а, Алтынтөбе т.а және Бәйдібек би даңғылы мен А-2 тас жолы, Қошқар ата, өзені, жалғызлікті қариялардың үй аулалары т.б. аумақтар тазалық акциясы барысында қалыпқа келтірілір, абаттандырылды. Тазалық жұмыстарына 2170 арнайы техника жұмылдырылды. 50 мыңнан аса адам тазалық жұмыстарына қатысты. 540 шақырым көше, 184 шақырым аяқжолдар тазаланды. 5400 дана ағаш әктеліп, қураған бұтақтары кесіліп, ретке келтірілді. Тазалық нәтижесінде 1760 тонна қоқыс шығарылды. 124 шақырым ирригациялық жүйелер тазаланып, 430 дана аялдамалар жуылды. 68 дана орындықтар, аялдамалар сырланып, жаңартылды. Аудан аймағындағы екі тарихи-мәдени,ескерткіш жуылып, айналасы абаттандырылды.