Smarttop.kz

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН «SPORT LIFE» КІШІ ФУТБОЛ КЕШЕНІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК

Қазіргі уақытта, қаламызда №12 спорт мектептің спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың қазан айына дейін пайдалануға беру жоспарлануда. Оған қоса №15 спорт мекептің спорт нысанының құрылысы ағымдағы жылдың сәуір айында басталды. Құрылыстың жалпы қаржысы 1,7 млрд теңгені құрайды.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер тарапынан Еңбекші ауданы Еламан тұрғын алабында «ЕЛАМАН» спорт кешені (спорттың ойын, жекпе-жек түрлеріне арналған 3 спорт зал және 1 бассейні бар) пайдалануға берілді.
Оған қосымша «SPORT LIFE» кіші футбол орталығының құрылысы жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Алдағы уақытта, Тұран шағын ауданындағы 5 гектар жер телімінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Паралимпидалық, сурдлимпиалық спорт кешенінің» құрылысын 2025-2026 жылдар аралығында жүргізілетін болады. Қазіргі уақытта, Тұран құрылысын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ БАДАМ ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫН БЕКІТУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

smarttop

«Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылды

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ РЕФОРМАНЫҢ ЖАСАЛУ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

smarttop

Пікір қалдыру