20.3 C
Шымкент
Воскресенье, 22 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИЛЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Ата Заң күніне арналған салтаннаты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға бригада жеке құрамы және әскер ардагерлері қатысты.
Ұландықтарды Ата Заңымыздың қабылданғанына жиырма тоғыз жыл толуымен әскери бөлім командирі полковник Марат Рахпанов құттықтады.
— “Конституция қабылданған күннен бастап, көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Біз Бас құжаттың арқасында еліміздің іргесін бекіттік, дамудың жаңа кезеңіне түстік. Конституция – еліміздің үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдардың қайнар көзі, бастау бұлағы. Құқықтық тәртіп әскері Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген талаптар мен міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді. Жауынгерлеріміздің Тәуелсіздік туын одан әрі де биік ұстайтынына кәміл сенімдімін”, — деді бөлім командирі.
Сонымен қатар, шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер жоғары қолбасшылықтың құқықтарымен марапатталып, сый-құрметке бөленді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ:ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ 21 МАМЫР КҮНІ ОРЫН АЛҒАН ЖАРЫЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ ШҰҒЫЛ БРИФИНГ БЕРДІ

smarttop

 АЛҒАШҚЫ ЯДРОЛЫҚ МЕДИЦИНА ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру