Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ӘСКЕРИЛЕР КОНСТИТУЦИЯ КҮНІН АТАП ӨТТІ

29 тамыз күні Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6506 әскери бөлімінде Ата Заң күніне арналған салтаннаты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға бригада жеке құрамы және әскер ардагерлері қатысты.
Ұландықтарды Ата Заңымыздың қабылданғанына жиырма тоғыз жыл толуымен әскери бөлім командирі полковник Марат Рахпанов құттықтады.
— “Конституция қабылданған күннен бастап, көпұлтты халқымыздың татулығы мен тұрақтылығына тұғыр болып келеді. Біз Бас құжаттың арқасында еліміздің іргесін бекіттік, дамудың жаңа кезеңіне түстік. Конституция – еліміздің үздіксіз өсуіне кепіл болған барша заңдардың қайнар көзі, бастау бұлағы. Құқықтық тәртіп әскері Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген талаптар мен міндеттерді мүлтіксіз орындап келеді. Жауынгерлеріміздің Тәуелсіздік туын одан әрі де биік ұстайтынына кәміл сенімдімін”, — деді бөлім командирі.
Сонымен қатар, шара барысында қызметтік міндеттерін адал атқарып, үздік жетістіктерге қол жеткізген әскери қызметшілер жоғары қолбасшылықтың құқықтарымен марапатталып, сый-құрметке бөленді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ХІХ ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНА 58 СПОРТШЫ ҚАТЫСАДЫ ДЕП ЖОСПАРЛАНУДА

smarttop

«Клементина» атты иісшіл иттің көмегімен есірткі тасымалдаушы күдікті азамат анықталды

smarttop

МЕРЗІМДІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТ КЕЗЕҢІНДЕ ЖАУЫНГЕРЛІК ДАЯРЛЫҚТА ТӘРТІПТІ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ НӘТИЖЕЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗГЕН ЖЕКЕЛЕГЕН ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ ЖОО ГРАНТЫ ЕСЕБІНЕН ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУ МҮМКІНДІГІ БЕРІЛЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру