1.3 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ПЕРЗЕНТХАНАДАҒЫ ЖАҢА ӘДІСПЕН ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ

Шаһардың  қалалық №2 ауруханасының перзентханасында алғаш рет жаңа әдіспен ота сәтті жасалды. Мәскеу қаласында тәжірибе алмасып келген акушер-гинеколог дәрігерлер бұл әдісті тәжірибеге енгізді.

Бұрын жатырда плацентаның аномальды орналасуы кезінде операциялар өте күрделі болатын. Науқастардың 4-5 литрге дейін қан жоғалтуы жиі кездесетін, ал жаңа әдіс арқылы бұл көрсеткіш 800 мл-ден аспайды немесе одан да аз болуы мүмкін. Бұл әйел ағзасы үшін өте маңызды, себебі қан жоғалту әйелдің жағдайын ауырлататын ең басты факторлардың бірі. Акушер-гинекологтар босануға байланысты барлық мәселелерді түсіндіреді, ананы ақпараттандырады, ал педиатрлар болашақ аналарға нәрестенің өмірінің алғашқы күндерінде жаңа туылған нәрестені күтуге, емізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, бұрынғы әдіс кезінде жатырдың толық ампутациясы жиі жасалатын. Бұл әйелдерге психологиялық және физикалық тұрғыдан кері әсер ететін. Енді жаңа әдіс арқылы жатырды сақтап қалуға болады, бұл болашақта әйелдің ана болу мүмкіндігін де сақтайды.

Операция уақыты едәуір қысқарды, бұл науқастың анестезияда аз уақыт болуын және отадан кейін тезірек қалпына келуін қамтамасыз етеді. Бұрынғы әдістерде баланың гипоксияға ұшырауы мүмкін болса, енді бұл тәуекел де айтарлықтай азайды. Нәтижесінде, сәби сау және толыққанды күйде туылады.

Қан құю да үлкен мәселе болатын. Осыған дейін әйелге көп мөлшерде қан құю қажет болса, енді бұл операцияда бір дозасы жеткілікті. Бұл да науқастың тез сауығуына ықпал етеді.

Операциядан кейін әйел реанимация бөлімінде 7-8 күнге дейін жатып, баласын емізе алмай қиналатын. Өмір мен өлімнің арасында жатқан пациент үшін бұл кезең өте ауыр болатын. Ал жаңа әдіс бойынша отадан кейін әйел 3-4 сағат ішінде реанимациядан шығып, баласын бірден емізе алады. Бұл ана мен баланың қарым-қатынасын да жақсартып, олардың тез сауығуына септігін тигізеді.

Ұқсас ақпараттар

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: ЖАСТАРДЫҢ КӘСІПКЕРЛІГІН ҚОЛДАУ ҮШІН ЖЫЛДЫҚ 2,5% ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН ШАҒЫН НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ЖЕКЕ ТЕТІГІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

АВТОБУСНУЮ ПРОБЛЕМУ ШЫМКЕНТЦЕВ РЕШИЛИ ПОСЛЕ ВСТРЕЧИ С АКИМОМ

smarttop

АБАЙ АУДАНЫНДА ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру