19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ЕҢБЕК ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

«Жасыл Ел» еңбек жасақтары 14-29 жас аралығындағы жастардың жазғы демалыс кезеңінде студенттік отрядтарда әр түрлі бағыттар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді: құрылыс, елді мекендерді көгалдандыру яғни, ағаш отырғызу, отау, ормандарды, су қоймаларын санитарлық тазарту және т.б. өз қаласын абаттандыру жұмыстарымен айналысады.

Мемлекет басшысының бастамасымен жанданған «Жасыл ел» еңбек жасақтары студенттерді маусымдық жұмыспен қамтумен қатар, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда белсенді атсалысып келеді. Бүгінде «Жасыл ел» еңбек жасақтары айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысуда. Бағдарламаның басты мақсаты- жастардың күшімен  елімізді көгалдандыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтап, жасыл-желекке айналдыру. Сол арқылы отанды сүюге, табиғатты аялауға үйрету. 14 жылда олардың атқарған істері орасан зор. «Жасыл ел» жобасы сонымен қатар экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған. Осы мақсатта 17–21 мамыр аралығында Тазалық кубогы өтуі тиіс. Бұл байқау өскелең ұрпақтың назарын қоршаған орта проблемаларына аударуға бағытталған. Апта бойы оқушыларға түрлі тапсырмалар беріледі.

«Жасыл ел» еңбек жасақтары қаламызда Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандарында өз жұмыстарын жалғастыруда.
Жұмыс уақыты аптасына 2 рет, сағат 9:00 — 14:00 уақыт аралығын қамтиды. Жалпы айына 8 рет жұмысқа шығады. Айлық көрсеткіші 60 мың теңгені құрайды.

Қазіргі таңда, «Жасыл ел» еңбек жасақтары Абай ауданы бойынша 8 мөлтек ауданы, Әл-Фараби ауданы бойынша төменгі Отырар, Спортивный мөлтек ауданындарында Қаратау ауданы бойынша Нұрсәт мөлтек ауданына және Нұрсәт 2 абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

 

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНЕ ӨЗІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

smarttop

ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙТІН ҰСТАЗ ⁣⁣⠀

smarttop

ШЫМКЕНТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ОҢ КӨРСЕТКІШКЕ ИЕ

smarttop

Пікір қалдыру