0.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

2024 ЖЫЛДАН БАСТАП EGOV MOBILE АРҚЫЛЫ ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚАТЫСУДЫ ШЕКТЕУ МҮМКІНДІГІ ПАЙДА БОЛДЫ

2024 жылғы наурыздан бастап еліміздің азаматтары мен ел аумағында тұратын шетелдіктер eGov mobile мобильдік қосымшасы арқылы құмар ойындарға қатысудан 6 айдан 12 айға дейінгі мерзімге ерікті түрде шектеу қою туралы өтініш бере алады. Бұл қызметті қазіргі уақытта 110 мыңнан астам адам пайдаланған, бұл сан жастар мен оқушылар арасында лудоманияға қарсы күресте тиімді құрал ретінде қарастырылуда.

Сондай-ақ, қала аумағында букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың жарнамаларына шектеулер енгізілді. Сыртқы (көрнекі) жарнамаға, көлік құралдарындағы жарнамаға, бұқаралық ақпарат құралдарында және кино, видео қызмет көрсету орындарында букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынған, — деді Санат Жұмабайұлы.

Заңсыз ойын бизнесімен күресуде азаматтардың белсенділігі де маңызды рөл атқарады. Департамент заңсыз тұрған ойын автоматтары туралы ақпарат жіберуге шақырады, бұл шаралар лудоманияның алдын алуда қоғамның әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға көмектеседі. Әрбір азамат лудоманияның зиянды әсерінен балаларын қорғауда белсенділік танытуы тиіс. Егер сіздің тұратын немесе мекендейтін жерде заңсыз ойын аппараты болса, Департаменттің +7 (7252) 77-14-48 сенім телефонына хабарласуыңыз жеткілікті.

Өтінім беру үшін «eGov mobile» мобильдік қосымшасында «Қызметтер» қойындысына, содан кейін «Спорт» бөліміне өтіңіз. Қызметтер тізімінен «Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуды шектеу жөніндегі сервисті» таңдау қажет. Ашылған бетте шектеу мерзімін айлармен көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» түймесін басыңыз. Әрі қарай, сіз жылдам қол жеткізу кодын немесе биометрияны пайдаланып қызметке қол қоюыңыз керек. Қызметке қол қойылғаннан кейін, өтінім мәртебесімен таныса аласыз. Өтінімді құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын шектегісі келетін адам ЭЦҚ пайдалана отырып беруі тиіс. Үшінші тұлғалардың өтінім беруіне жол берілмейді деп хабарлайды eGov парталында.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚР КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

smarttop

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР-ӨНЕР ЖАНАШЫРЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕГІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРҒА ӨЗ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру