Smarttop.kz

ҚАЛАДА БІРҚАТАР БАҒЫТТАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ САНЫ АРТТЫ

Шымкентте жолаушылардың өтініштері ескеріліп, №16, №108, №61, №171, №180, №191 маршруттарға қосымша 12 автобус қосылды. Бұл өз кезегінде автобустардың аралық интервалын азайтып, жолаушылардың қоғамдық көліктерді ұзақ күтпеуіне септігін тигізеді.

№276 орамда жолаушылар ағынының артуына байланысты №16 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. Қазіргі уақытта 10 автобус 15 минуттық жиілікпен қатынауда.

Сондай-ақ, №108 бағыттағы 10 автобус Шымсити шағынауданынан Күншығыс шағынауданына (ХҚКО) дейін күнделікті жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсеткен. Шымсити шағынауданы тұрғындары өтініштерін ескере, №108 автобус маршрутына қосымша 2 кесте қосылды. 12 автобустың жұмысы 15 минуттық жиілікпен ұйымдастырылды.

Ал, №61 автобус маршрутына Нұршуақ шағынауданында жолаушылар ағынының артуына байланысты 2 кесте қосылып, бүгінде 14 автобус 13 минуттық аралық жиілікпен жолаушыларды тасымалдауда.

№171 бағыт: Бозарық шағынауданы (саяжай) – әскери комиссариат. Бұрын бұл бағытта 10 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 12 автобус 12 минуттық жиілікпен жүреді.

№180 бағыт: Көкбұлақ тұрғын алабы – Гүлжан аялдамасы. Алдын бұл бағытта 8 автобус қызмет көрсетіп келген болса, енді Көкбұлақ тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.

№191 бағыт: Қарабастау тұрғын алабы – Б.Момышұлы көшесі. Аталған маршрут күніне 8 автобус жолаушыларды тасымалдаса, бүгінде Қарабастау тұрғын алабында жолаушылар ағынының артуына байланысты қосымша екі кесте енгізіліп, қазіргі таңда 10 автобус 15 минуттық жиілікпен жүреді.

Ұқсас ақпараттар

БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУГЕ БЕС ЖҮЗДЕН АСТАМ ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ ҚАТЫСТЫ

smarttop

ХҚО-лар қолхат беруді тоқтатады  

smarttop

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

Пікір қалдыру