30.3 C
Шымкент
Среда, 23 июля, 2025
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Сайрам шағынауданында орналасқан бірнеше ауылшарушылық нысанында болып, шаруалардың жұмысымен танысты.

Алдымен шаһар басшысы «IGM Corporation» ЖШС жылыжай кешеніне болды. Аумағы 4 га жерге орналасқан кешен жылына 1 200 тонна көгөніс өндіруге қауқарлы.

Жылыжайға ақпан айында 102 мың түп қияр егілген. Қазір мұнда 40 адам тұрықты жұмыспен қамтылған. Өнімдер ішкі нарық пен ТМД елдеріне саудалануда.

Қала әкімі шаруа қожалықтарды аралау барысында «AGR GLOBAL TRADE» ЖШС сүт фермасының құрылысымен де танысты.

Жобаның жалпы құны 1,1 млрд. теңге. Қаржыландыру жеке инвестиция және асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылған.

Қазір нысанның құрылысы аяқталуға таяды. Фермада жылына 2 350 тонна сүт және сүт өнімдерін өндіру жоспарланған. Өнімдер қала тұрғындарына сүт өнімдерін қолжетімді ету үшін ішкі нарыққа саудаланбақ.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысының полицейлері кішкентай баласымен бірге із-түссіз жоғалып кеткен әйелді Шымкенттен тапты

smarttop

Ордабасыда жол қозғалысы ережесін бұзушылар анықталып, жауапқа тартылуда

smarttop

6 АЙДА 188 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛІП, АЯЛДАМАЛАР ОРНАТЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру