Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Әл-Фараби ауданының 2024 жылғы 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Рашид Мамытұлының айтуынша, демеушілер есебінен тағы 50 көше ұсынылып, 22 көшесі жарықтандырылған. Жалпы, жыл соңына дейін аудан бойынша 342 көше жарықтандырылады, бұл 87,6% құрайтынын айтты.
Әл-Фараби ауданында 390 көше бар, оның ішінде 124 көше (31,8%) жарықтандырылған. Ағымдағы жылы бюджеттен 118 көшені жарықтандыру жоспарланып, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 62%-ға жеткізу көзделуде. 2024 жылдың 4 мамырында қабылданған қалалық мәслихат шешімі бойынша, түнгі жарықшам бағаналарын орнату жұмыстарын Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жүргізуде. Қазіргі уақытта 118 көшеге жарық шамдары орнатылып, іске қосылған.
2024 жылы аудан аумағында 260 шақырымды құрайтын 390 көше, даңғыл және өткелдер бар. 366 көшесі (245 шақырым) асфальтталған, 24 көше (15 шақырым) тас жол. Жергілікті тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 32 көшеге асфальт қабатын салу жұмыстарын жүргізуде. Олардың арасында орталық көшелер мен жаңадан асфальтталған орамдық көшелер бар. 2024 жылға асфальтталған көшелер саны 366-ға жетіп, 94%-ды құрайды.
Әл-Фараби ауданындағы 928 көпқабатты тұрғын үйдің 859-ы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Қазіргі уақытта 854 үй қысқы жылу маусымына дайын, бұл 99,4%-ды құрайды.
Аудан инфрақұрылымын жақсарту мақсатындағы осы шаралар тұрғындардың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі