1.3 C
Шымкент
Четверг, 14 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ ЖАҚСАРЫП, ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Тұран ауданының инфрақұрылымы қарқынды дамып келеді. Аудан аумағы 36 300 гектарды қамтып, мұнда 220,7 мың тұрғын тұрады. 21 шағын ауданнан тұратын аймақта 39 357 жеке үй, 544 көпқабатты тұрғын үй және 597 көше бар. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясында Тұран ауданы әкімінің орынбасары — Бекбол Аманжол Бақытжанұлы баяндады.

Елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 95,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш 2026 жылы толықтай 100%-ға жеткізілмек. Табиғи газбен қамту деңгейі де жоғары – 85,7%, ал электрмен қамту 95,2%-ға жетті. Жоспар бойынша, 2026 жылға қарай табиғи газбен қамту толық жүзеге асырылып, 2025 жылы сапалы электр қуатымен қамту көрсеткіші де 100%-ды құрайды.

Кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мәселесі де шешілуде. Қазіргі уақытта ауданның 57,1%-ы кәріз жүйесіне қосылған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 60,2%-ға дейін өседі.

Сондай ақ, 2024 жылы 42 көшеде, жалпы ұзындығы 34,8 шақырым жол төселеді. Бұл жұмыстардың нәтижесінде асфальтталған көшелердің үлесі 80,2%-дан 87,4%-ға дейін артады. Қазірдің өзінде 40 көшеге асфальт төселіп, жол сапасын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Тағы да айта кетерлік жәйт, аудан аумағындағы қоқыс контейнерлері де жаңартылатын болады.

Тұран ауданындағы бұл шаралар тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадамдар болып табылады.

Балаларды қорғау күніне орай, Қажымұқан стансасынан Дендросаябаққа дейінгі ұзындығы 6 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына заманауи веложол салынды. Велосипедшілер үшін арнайы баспалдақтар да орнатылып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасалды.

Шымкент қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас ақпараттар

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА БИЫЛ 50 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛМАҚ

smarttop

ОТБАСЫ БАНК АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛУ КІМДЕРГЕ ҚОЛАЙЛЫ?

smarttop

Шымкент: Еңбекші ауданында рейдтік шара барысында 90 құқық бұзушылық анықталды

smarttop

Пікір қалдыру