12.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ЖОЛ АШАТЫН ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ БАСТАЛДЫ

Түркістан обоысында тест тапсыру мерзімі басталды. Ол 18 мамыр мен 5 шілде аралығында жүргізіледі. Биыл мемлекеттік грантқа тапсыру үшін тестілеуден өтуге 2 рет мүмкіндік беріледі. Айта кетейік, мемлекеттік грантқа түсу үшін тіркелу 28 сәуір мен 14 мамыр аралығында жүргізілді. Тестке қатысушылар ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеудің өтетін орнын, күнін және уақытын өздері таңдайды.
Талапкерлер аталған кезеңде тестті екі рет тапсырып (екі сертификат та жарамды), ең үздік нәтижемен білім гранты конкурсына қатыса алады.
Бұл ҰБТ-ға 2023 жылғы мектеп және колледж түлектері, мектеп және колледждің былтырғы түлектері, шетелде 11(12) класс білім алушылары, қандастар, шартты түрде оқып жатқан студенттер қатысуда.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір нысаны және үміткер тестілеуге өз еркімен қатысады. ҰБТ қорытындысы бойынша мектептердің орта балы шығарылып, рейтинг жасалынбайды.
Биылғы оқу жылында Түркістан облысы бойынша мектеп бітіруші түлектер саны – 30266. Олардың 23865 оқушы (78,8 %) Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға өтініш берді.
ҰБТ облыста 5 аудан, қала орталығында орналасқан «USTUDY» тестілеу орталықтарында компьютерлік форматта өткізілуде. Тестілеу орталықтарында 12 аудиторияда 600 компьютерлік орын дайындалған.
ҰБТ өтетін орталықтар Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы №49 «А»; Жетісай ауданы, М.Өзтүрік көшесі №13 үй (Алпамыс батыр атындағы №8 орта мектеп); Сарыағаш қаласы, Жамансариев көшесі №2 үй мекенжайларында орналасқан. Сонымен бірге Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Тоқпанбетов көшесі №1 «А» үй (IT мектеп-лицейі) және Сайрам ауданы, Ақсу ауылы, Шахабиддин көшесі №140 «А» мекенжайларында түлектер өз бақтарын сынап жатыр.

Ұқсас ақпараттар

ИГІЛІК ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

ӘКІМ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТИІСТІ САЛА МАМАНДАРЫНА ҚАРАСТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

smarttop

МЕКТЕБІ МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨЗІ ДЕ МЫҚТЫ

smarttop

Пікір қалдыру