20.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 июня, 2025
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ТҰРАН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

Кездесулерде Спорт, Ақтас, Жаңаталап, Айкөл, Агроферма Қарасу шағын аудандары мен Добролюбов көшесі тұрғындарының өзекті мәселелері талқыланды. Қаңғыбас иттерді аулау, су бұру жүйелері, жер қатынастары, аула аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру мәселелері көтерілді.

Жаңаталап шағын ауданында қала әкімі тұрғындармен бірге жаңа көпірдің ашылуына қатысты. Естеріңізге сала кетейік, осы жазда жауын-шашынның көп болуына байланысты Бадам өзені суы күрт көтеріліп, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған көпір тіректері бүлінген. Пайдалануға берілгелі көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Қала басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті тұрғындар үшін уақытша айналма жол ұйымдастырылып, қоғамдық көлік қозғалысы қайта жанданды. Өз кезегінде Ғабит Сыздықбеков мердігер ұйым басшылығына нысанды уақтылы пайдалануға бергені үшін алғысын білдірді.

Ал Агроферма Қарасу және Айкөл шағын аудандарында қала тұрғындары мектеп пен жол салу, әлеуметтік қызметтер көрсету және инфрақұрылым жүргізу мәселелеріне тоқталды. Қала әкімі жұмыс барысымен танысып болған соң, жобаны жылдам жүзеге асыру мақсатында инфрақұрылым қуатын арттыру үшін жауапты тұлғаларға толық қолдау көрсетуді тапсырды.

Аудан тұрғындарымен кездесу нәтижелері бойынша мәселелер мен өтініштерге мұқият талдау жүргізіледі. Алдағы жылдарға жұмыс жоспары жасалады.

Қала әкімі жылдар бойы шешілмеген және егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін проблемаларды атап өтті. Кешенді шаралар жүргізіліп, өзекті мәселелер жүйелі түрде шешілетін болады. Айта кетейік, бүгінгі таңда Тұран ауданындағы елді мекендердің 90,5%-ы сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілген, 2026 жылы бұл көрсеткішті 100% — ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛДАР МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРЛЕРІНЕ ӨЗІНІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ ЖЕТКІЗЕ АЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «WORLDSKILLS SHYMKENT – 2023» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 65 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру