Smarttop.kz

ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАМАСАҢЫЗ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

Бүгін Шымкент қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына қарасты газ техника инспекциясы бөлімінің ұйымдастыруымен уланудың алдын алу мәселелері бойынша қала тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ауқымды шараға қалалық төтенше жағдайлар басқармасы, аудандық әкімшілік қызметкерлері, жастар ресурстық орталығының еріктілір тобы жұмылдырылды.
— Жылыту маусымының басталар алдында мұндай іс-шара жүргізілген болатын. Дегенмен газбен улану деректері әлі де тіркелуде. «Газ және газбен жабдықтау» заңында көрсетілгендей әрбір тұтынушы өзінің газ жабдығының техникалық қауіпсіз күйде болуына міндеттелген. Және үйішілік қызмет көрсету мекемелерімен келісім шартқа міндетті түрде тұруы тиіс. Шымкент қаласында осындай 13 мекеме қызмет көрсетеді. Жаңа заңға сәйкес тұтынушы газ жабдығын пайдалануда техникалық қауіпсіздікті бұзған жағдайда айыппұл қарастырылған. — дейді қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бөлім басшысы Асылжан Жанаев.
Тұрғындардың қауіпсіздік ережелерін сақтамауының арты қайғылы жағдайларға соқтырады. Сондықтан тұрғындар халықтың газ тұтынуда жауапкершілігін күшейту мақсатында өткізілетін түсіндірме жұмысының маңызы үлкен екенін айтады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Штрафов на 8 млн тенге взыскали в ходе ОПМ «Борышкер» в Шымкенте

smarttop

ЕЛІМІЗДІҢ ҚАҢТАР-ТАМЫЗ АЙЛАРЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

smarttop

БИЫЛ ТҰРАН АУДАНЫНДА 39 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ, 85 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру