Smarttop.kz

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ 🎭

Қадірлі театрсүйер қауым!

2024 жылдың 6-11 қараша аралығында
Ж. Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық Қазақ драма театрының 95 жылдығына арналған Орталық Азия, түркітілдес мемлекеттер мен Қазақстанның кәсіби театр ұжымдары қатысатын ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ ТЕАТРЛАРЫНЫҢ IX ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ өтетінін хабарлаймыз!

Фестиваль құрылтайшысы — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті. Ұйымдастырушы — Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры.

Фестивальдің мақсаты мен міндеттері:

* Орталық Азия елдері мен түркітілдес мемлекеттердің театр мен өнер саласындағы ынтымақтастығын нығайту;
* Бірлескен шығармашылық жобаларды іске асыруда әріптестік қатынастарды қалыптастыру және талантты да шығармашыл жастарды қолдау;
* Көрермендер назарын заманауи театр өнерінің жетістіктеріне аудару және т.б.

Алдағы уақытта қатысушы театрлар мен қойылымдар қатарын жариялайтын боламыз. Фестиваль жаңалығын жіберіп алмаңыз, көрермен!

#ҰлттықТеатр
#Әуезовтеатры
#Шанинтеатрына95жыл
#Фестиваль
#ОртаАзия

Ұқсас ақпараттар

Қатаң қызметтегі алтын құрсақты ана егіз қыздарды дүниеге алып келді

smarttop

ТӘУЛІГІНЕ 50 МЫҢ ТЕКШЕ МЕТР СУ АЙДАЙТЫН ҚОСЫМША КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БҰХАР БҰҒЫЛАРЫНЫҢ САНЫ 200-ДЕН АСТЫ

smarttop

Пікір қалдыру