1.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ҮШ БӘЙТЕРЕК» ШЫҒАРМАЛАРЫ — МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ МҰРАСЫ

Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған алыптар тобында ірі ақындар, іргелі прозаик және драматургтер Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллиндердің орны ерекше бөлек. Биыл қазақ әдебиетінің «үш бәйтерегіне» айналған тұлғалардың туғанына 130 жыл толып отыр.

Осыған орай Шымкент қаласындағы ірі оқу орындардың бірі М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдеріне арналған әдеби кеш өтті. Кешке танымал әдебиетшілер, ғалымдар, студенттер мен жастар қатысты.

Бұл шара сол кездегі өмір сүрген заманнан, өздері орнатқан қоғамнан еш рахат көре алмай, қорлық-зорлыққа тап болған ұлыларымыздың шығармаларын көпшілікке таныстырып, олардың кешегі рухын, түсінік-танымын бүгінгі ұрпақтың есіне мәңгіге қалдыру мақсатында, жастар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Алдымен оқу орнының басшысы Ғани Бесбаев «Үш бәйтерек» ретінде танылған үш тұлғаның қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны мен рөліне тоқталды. Қатысушылар қазақ әдебиетінің асыл мұралары мен мәдениетінің маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин Қазақ әдебиетінің барлық жанрына елеулі үлес қосқан тегеурінді тума таланттар еді. Қазақ әдебиетіне, мәдениетіне, өнеріне төңкеріс тудырған үшеудің басы туған ұлысының тағдыры таразыға тартылған алай-дүлей кезеңде табысып, ұлы мұрат жолында қосылған еді.Бірақ, қазақ поэзиясының үш бәйтерегі атанған үшеуінің ғұмырлары тым қысқа болды.

Бірақта соңдарында мәңгілік елдің мәңгілік мұрасына айналар ұлы шығармалар қалдырып кетті.

Бүгінде, қазақ әдебиетінің «Үш бәйтерегі» біздің мәдени мұрамызды байытатын және рухани дамуға жол ашатын асыл қазыналарымыз. Олардың қазақ әдебиетіндегі орны мен рөлін бағалау және жастарға насихаттау бүгінгі күннің өзекті міндеттері болып табылады.

Мән-мағынасы жастар үшін маңызды әдеби кеште аталған тұлғалардың шығармаларынан үзінділер оқылып, ұлттық өнердің көріністері сахналанды.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 5 ЖЫЛДА ҚАНДАЙ ЖАҢА БАСТАМА МЕН ІРІ ЖОБАЛАР АТҚАРЫЛДЫ

smarttop

САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚАШАН БОЛМАҚ?

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕКІ АЙДА 6 БҮЙРЕК АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ЖАСАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру