1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ БІЛІМ БЕРУ НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ САПАСЫН ТЕКСЕРДІ

Қала әкімі бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстарын бағалады. Қаратау ауданындағы А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы қанағаттанарлықсыз деп танылып, мердігерге бір апта ішінде барлық кемшіліктерді жою тапсырылды.

Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда және М.Тасова атындағы №3 мектеп-интернатында жөндеу жұмыстары тексерілді. Қабырғаларды бояу мен аумақты абаттандыру бойынша ескертулер айтылды, сондай-ақ мектептерді көгалдандыру мен жарықтандыру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігі тапсырылды.

Тұран ауданындағы №48 орта мектепте ішкі әрлеу жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланып, мердігерге тез арада түзету тапсырылды. Сонымен қатар, мектеп директорларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелері мен бейнебақылау камераларын орнатуды қолға алу ұсынылды. Білім беру нысандарының пайдалануға берілуі балалардың оқуы мен жан-жақты дамуы үшін жағдай жасап, қолданыстағы мектептердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Қала әкімі аралау соңында теміржол вокзалы аумағы мен орталық көшелердің санитарлық жағдайымен танысып, аудан әкімдері мен салалық басқарма басшыларына көше жарығын және тазалығын қадағалауды күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, Тассай шағынауданында көлік инфрақұрылымын жақсарту мақсатында жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Қазіргі уақытта Берел көшесінде асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр.

Биыл Тассайдағы бірнеше көше орташа жөндеуден өтіп, тұрғындарға қауіпсіз әрі ыңғайлы жолдар ұсынылуда. Жол инфрақұрылымын жаңарту және дамыту қала тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған басты жобалардың бірі болып табылады.

фото интернет желісінен алынды

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫ: ӨТКЕН ЖЫЛЫ 42 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЖИНАЛДЫ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

АУДАНДА КӨШЕЛЕРДІ ЖАРЫҚТАНДЫРУ МЕН ЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

smarttop

Пікір қалдыру