Smarttop.kz

ФУТБОЛДАН ҚР ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкенттегі “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда шаһар басшысы М.Әйтенов және
Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов,
футболдан әйелдер командалары арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы — «Шымкент» командасын құттықтады.

«Шымкент» әйелдер футбол клубы Республикада ғана емес, әлемдік көшбасшылардың біріне айналып үлгерді. “Қажымұқан” атындағы орталық стадионын жанкүйерлермен толтырған чемпионатта мықты ойын көрсетті.

Қазіргі таңда УЕФА-ның үздік 20 командасының қатарында. Еуропалық футболдың «Барселона», «Бавария», «Лион», «Манчестер Сити» секілді алыптарымен жасыл алаңда теңдей ойнады.

Чемпиондар Лигасында үш мәрте 1/8 финалында ойынын көрсетті. Олар әлемдік аренада Қазақстанның атынан туған қаламыз Шымкентті танытып, 12 мәрте ел кубогында да топ жарды.

«Шымкент» командасы кезекті рет Қазақстанның үздігі атанып, Қазақстан чемпионатында 11-ші рет жеңімпаз деп танылып, рекорд орнатты.

Ордабасы — Қазақстандық кәсіби футбол клубы, Шымкент қаласынан. 1998 жылы пайда болған, Қазақстан Премьер Лигасында ойнайды. Қазақстан Кубогының және Суперкубогының жеңімпазы. Клубтың негізгі формасы ақ, сыртқы формасы көк болып табылады. Бүгінде футбол бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамдардың сүйікті спорт түрі болып табылады. Көптеген адамдар теледидар алдында, стадионда немесе спорт барында жиналып, сүйікті командасының ойынын тамашалауды ұнатады. Бұл уақытта біз көптеген эмоцияларды аламыз, психикалық және физикалық демаламыз, сонымен қатар сергектік пен шабыт зарядын аламыз. Өзінің тарихымен, командалық рухымен, жетістіктерімен таң қалдыратын «Ордабасы» клубының футболдағы орны ерекше.

Дәл осы кезде, бүгін, Қазақстан премьер лигасында “Ордабасы” Қарағандының “Шахтер” командасын өз алаңында қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БЫЛТЫР ШЫМКЕНТТІК ЖАС СПОРТШЫЛАР ЕКІ МЫҢҒА ЖУЫҚ МЕДАЛЬДІ ҚОРЖЫНҒА САЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА 150-ДЕН АСА ОТБАСЫ ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ: БИЫЛ 3 ГҮЛЗАР САЛУ ЖОСПАРДА

smarttop

Пікір қалдыру