Тұран ауданы 21 шағын ауданнан тұрады. Халық саны 220,7 мың адам. Ауданның жер көлемі 36 300,0 га. Сондай-ақ ауданда 39 357 жеке үй, 544 көп қабатты үй және 597 көше бар.
Бүгінде Тұран ауданына қарасты елді мекендердің 95,5% сапалы ауыз сумен қамтылған. Ал 2026 жылы 100% сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Табиғи газбен 85,7%, қамтылса 95,2% электр қуатымен қамтылған.
2026 жылы табиғи газбен 100%, 2025 жылы 100% сапалы электр қуатымен қамту жоспарланған. Сондай-ақ, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші бүгінде 57,1% құрайды. 2025 жылы бұл көрсеткішті 60,2%-ға жеткізу жоспарға қойылған.
2024 жылы Тұран ауданындағы 50 көшеге, 37,2 шақырым асфальт салу жұмыстары атқарылады.
Сонымен қатар, 2024 жылы барлығы 43 көшеге аяқжол салу жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 39 көшенің құрылысы аяқталды, қалған 4 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Тұран ауданында өткен 10 айдың көрсеткіші бойынша жарықтандыру жұмыстары қарқын алған. 2024 жылы 10 айының қорытындысымен 400 көше жарықтандырылды.
Аудан аумағындағы 79 аула аралықтарына 154 дана жарықшамдар орнату бойынша мердігер мекемемен жұмыстар атқарылуда.
Ирригация орнату жұмыстары бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. Жалпы 32 көшеге 13,4 шақырым ирригация жүйесі салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 24 көше жұмысы аяқталды, 4 көшенің құрылысы жүруде..
Сонымен қатар, 2024 жылы Тұран ауданында жалпы балаларға арналған 40 жоба жоспарланған. Оның ішінде, 30 ойын алаңша, 8 кешенді алаңша (балалар /спорт), 2 спорт алаңша. 2 нысан бойынша жұмыс атқарылуда, 20 нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аудан аумағында демеушілер тарапынан Түркістан ш/а Айқап көшесіне балалар ойын алаңшасын және Рысқұлбеков көшесіне тренажерлық алаңша орнатылды. Ал 24 нысан бойынша мердігер анықталып, жұмыстар атқарылуда. Тозығы жеткен 30 ашық спорт алаңшаларының жабындысын ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Тағы бір айта кетерлік жайт, балаларды қорғау күніне орай Қажымұқан стансасынан Дендросаябақ аралығына дейін жүріп өтетін ұзындығы 5 шақырымға жуық «Тұлпар» балалар темір жолының орнына веложол салынды. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы баспалдақ жасалды. Аудан аумағында демеушілер тарапынан 2 демалыс аумақтары (аллея, сквер) тұрғындар игілігіне берілді. Нақтырақ айтатын болсақ, Желтоқсан көшесінің бойында (Аэровокзал) және Мадлен мейрамханасы аумағында (Шымкент қонақ үйі).