Күнделікті күйбең тіршілікпен кейде байқалмайтын да шығар, ал арнайы бір күніңізді бөліп қаланы аралап шықсаңыз, қандай қызу жұмыстардың жүріп жатқанын көруге болады. Бір жерде жол жөнделіп жатса, екінші жерде тұрғын үйлер салынуда, үшінші жерде құбырлар төселіп, тағы бір жерде желілер тартылуда, енді бір жерлерде қыс таяса да абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қысқасы, қысы-жазы үздіксіз жұмыс жүріп жатыр. Арасында осындай жұмыстардың барлығын қала әкімі Мұрат Әйтеновтің өзі аралап, сапасын қадағалап жүреді. Қалай риза болмайсың! «Қала билігі сенімді қолда!» деп көңілің марқайып қалады.
Мәселен, жуырда ғана қала әкімі Мұрат Әйтенов “Нұртас” елді мекенінде ораналасқан су жинақтағыш имарат құрылысын тексерді.
Айта кетейік, бұл имарат “Нұртас” елді мекені аумағында көп қабатты үйлердің салынуына байланысты алдағы уақытта су жетіспеушілігін болдырмау мақсатында салынып жатқан стратегиялық нысан.
Нысан құрылысы 1000 м3 су жинайтын 2 резервуардан, 2 насос, трансформатор және бақылау пунктінен тұрады. Аумағы темірбетон және болат сыммен қоршалған. Сонымен қатар нысанда 2 дана темір қақпа құрылысы мен көлік қою тұрағы және қоқыс тастау алаңшасы қаралған.
Аталмыш имарат құрылысы желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда. Қала басшысы құрылыс жұмыстарын сапалы әрі уақытылы аяқтауды тапсырды.
Сондай-ақ, қала әкімі “Шымсити” аумағында салынып жатқан аллея құрылысын тесеріп, жауапты сала мамандары мен мердігер мекемеге нысанды уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.
Естеріңізде болса, қыркүйек айында “Қаратау” ауданы 189 орамда “Шымсити” аумағын абаттандыру жұмыстары” бойынша аллея құрылысы басталған болатын.
9300-ге жуық халықты қамтитын бұл нысан 2022 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарлануда.
Қазіргі таңда нысанның өндірістік кестеге сәйкес абаттандыру құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.