Шымкентте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жаңғырту бүгінгі мақсатты жұмыстың маңызды салаларының бірі болып табылады. Осы бағытта 2021 жылдан бастап 233 көппәтерлі тұрғын үйге сейсмонығайту мақсатында техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде:сейсмонығайтуды қажет ететін — 68 үй, апатты жағдайда — 67 үй, тұрақты жағдайда – 98 үй анықталған.
Өткізілген техникалық сараптама бойынша 6 үйге жобалау-сметалық құжат әзірленіп, 1 үйдің (Уалиханова №231) сейсмонығайту жұмыстарын өткізуге мемлекеттік сатып алу өткізілуде.
Сонымен қатар, Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Мангельдин №33, №36 және Иляев №7 тұрғын үйлеріне сейсмонығайту жұмыстарын жүргізуге жобалау-сметалық құжат әзірлеуге бюджетке өтінім әзірленуде.
Қазіргі таңда, басқарма есебінде 174 (10 382 пәтер) көпқабатты кепілдік мерзіміндегі тұрғын үйлер бар. Олар: Тұран-2 ш/а — 88 үй, Шымкент сити ш/а — 24 үй, Нұрсат-3 ш/а — 44 үй, Бозарық ш/а -18 үй.
2024 жылдың 10 айында 10 382 пәтерден 388 кемшілік анықталып, оның 365-і кепілдік мерзімге сәйкес мердігер мекемелер тарапынан қалпына келтірілді. Қалған 23 кемшілік бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ал 2023 жылы 10 382 пәтерден 556 кемшілік анықталып, қалпына келтірілген.
Айта кетейік, 2024 жылы басқарма тарапынан келісім шарт талаптарын орындамағын үшін мердігер мекемелерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға 11,5 млн айыппұл салынып өндірілді.
Сондай-ақ, 1 мердігер мекеме («Корпорация Сити-строй» ЖШС) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы болып танылды.
Ағымдағы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы 163,07 млрд. теңгеге 114 жобалы нысан құрылысын салу жоспарланған. Нақты келер болсақ 146 нысанды құрайды. Оның ішінде 111 нысан жыл соңына дейін тапсырылса, қалған 35 нысанның құрылысы келер жылға өтпелі.
Биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Енді соларды нақтырақ айтар болсақ, 96 көпқабатты тұрғын үйдің 66 тапсырылады, яғни 5046 пәтердің 2 670 пәтері беріледі. Оның кредиттік пәтер -64, арендалық-2
Биылғы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды.
Ал, 187,8 мың шаршы метр құрайтын 2376 пәтерлі 30 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-9 үй, Бозарық ш/а – 5 үй, Тұран 23 орам – 16 үй) құрылысы 2025 жылға өтпелі.
Бұдан бөлек, Шымкент қаласындағы жастарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 1900 пәтер сатып алуға бюджеттен 38,6 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 900 пәтерді және халықтың әлеуметтік осал топтарына 1000 пәтерді, нарықтан сатып алу жоспарланған.
Қазіргі таңда, 1180 пәтер сатып алынды. Оның ішінде жұмыс жасайтын жастарға 604, халықтың әлеуметтік осал топтарына 576 пәтер сатып алынды.
Сонымен қатар, 100 көпқабатты тұрғын үйдің (Бозарық-4, Ақжайық-9, Тұран-87) жоблау-сметалық құжаты әзірленуде.