Шымкент қаласы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналдық полиция инспекторлары кәмелет жасқа толмаған балалардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Рейд барысында жолдар мен көше қиылыстарында кәмелет жасқа толмағандар адамдарға тиісу жайттары анықталуда.
Осы ретте түнгі уақытта жарамазан айтып көшеде жүрген жасөспірімдерді анықтау мақсатында рейдтік жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, ағымдағы жылдың 14-сәуірінде Әл-Фараби ауданы бойынша қоғамдық орындарда жарамазан айтып жүрген 12 жасөспірім анықталды. Тәртіп сақшылары балаларға ескерту жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
«Жарамазан айтамын деп, жасөспірімдер көше бойында жол жүру ережелерін өрескел бұзып, автокөліктердің жүруіне кедергі жасап, өзінің және басқа жол қозғалысына қатысушылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіруде. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етіп, қылмыстық жайттарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында күнделікті рейдтік шаралар жүргізіп отырамыз. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана ретінде барлығымыз балаларымыздың қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Сондықтан әр ата-анадан балалардың әрекеттері мен қозғалысын бақылауда ұстауды сұраймыз», — дейді Ювеналды полиция бөлімшесінің аға инспекторы полиция майоры Ирисбеков Рахымжан.