Smarttop.kz

ПОЛИЦЕЙЛЕР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ САБАҚТАН ҮЛКЕН ТӘЖІРИБЕ ЖИНАҚТАДЫ

Түркістан облысы полиция департаментінің мәжіліс залында жеке құрам қызметкерлеріне психологиялық даму бағыты бойынша дәріс өткізілді. Тәрбие және Кадр жұмысы басқармасының бастамасымен өткізіліп отырған бұл дәріске «Әз-Ұя» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры педагог-психолог Боранбек Алтынбек Срайылұлы арнайы шақырылып, «Кәсіби қызметтегі психологиялық тұрақтылықты дамыту» тақырыбында семинар-сабақ өткізді.

Семинар сабақ Жүсіп Баласағұнның «Дұрыс басқару» БАСқару ғылымын меңгермей болмайды деген сөздермен басталды. Ситуациялық көшбасшылық, маманның даму деңгейі, саналық деген не?, өзгеріс қисығы, өзгеріс көшбасшылығы, тындау қамқорлықтың алғышарты сөздерінің мағынасын адамзат, яғни қызметкерлердің бойындағы қабілеттерді психологиялық және қарапайым түрде түсіндіре отырып, ситуация кезеңінде өзгерістерді сипаттап, шығу жолдарын көрсетті.

Қызметкердің кәсіби дамуына, отбасылық өмірдегі киыншылықтарды еңсеруіне, бала тәрбиесіне, жалпы қарым-қатынастағы кемшіліктерді көрсете отырып, әлемдік зерттеу нәтижелерімен бағыт-бағдар ұсынды. Полицейлердің ой-өрісін дамытып, жан-жақты жетілуіне көмектескен бұл шара жеке құрам қызметкерлерінің көңілінен шықты. Алдағы уақытта осындай дәрістерді жиі өткізіп тұруды қолға алуды ұсынған тәртіп сақшылары өздерінің осы бағыт бойынша пікірлерін ортаға салды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЖАСТАР-БОЛАШАҚ АДАМДАРЫ

smarttop

Полиция 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдіктіні ұстады

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЕКІ ЖЫЛДА 9000 ТҮП КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру